Қытай-Еуропа кезекші пойызы Шанхайдан Германияға бірінші рет бағыт алды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 29 қыркүйек
Қытай-Еуропа кезекші пойызы Шанхайдан Германияға бірінші рет бағыт алды

29 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 28 қыркүйек күні «Шанхай» нөмерлі Қытай-Еуропа кезекші пойызы алғаш рет Шанхайдан Германияның Гамбургер қаласына бет алды.

Тұңғыш рет «Шанхай» нөмерлі пойыз 50 жүк вагондарына киім, аяқ киім, бас киім, шыны ыдыс, автокөлік бөлшектері, дәл өлшеу аспаптары және басқа да тауарларды тиеп, Шанхайдан батысқа қарай жолға шықты. Ол Шыңжандағы Алашанькоу арқылы шекарадан шығып, екі аптадан кейін Германияның Гамбургер қаласына жетеді деп жоспарланып отыр.

Қытайдағы Гамбургер байланыс кеңсесінің бас өкілі Пан Хуа «Шанхай» нөмерлі кезекші пойызының ашылуы, сөзсіз, Германия мен Қытай, Еуропа мен Қытай және жол бойындағы елдер арасындағы экономикалық және сауда алмасуы мен ынтымақтастыққа «Өте оң әсер етеді» деп санайтынын айтты. Бұл пойыз Германия, тіпті еуропа тауарларының Қытайға келетін жаңа тасымалына айналды. Мәліметтерге сәйкес, Гамбургерден қайтатын «Шанхай» нөмерлі пойызына 4-інші кезекті Қытай халықаралық импорт көрмесіне қойылатын Германия компанияларының экспонаттарын жеткізеді деп жоспарланып отыр.

Шанхай қалалық сауда-саттық комиссиясының жауапты қызметкері «Шанхай» нөмірлі кезекші пойызы қазіргі уақытта аптасына бір рет жолға шығудан біртіндеп бағыт жиілігін арттыратындығын, алдағы уақытта Словакия, Ресей сынды елдерге төте баратын пойыздар да іске қосылатындығын жеткізді.

Қытай ұлттық теміржол тобы компаниясының мәліметтеріне сәйкес, осы жылдың алғашқы сегіз айында Қытай-Еуропа жүк пойыздары 10 000-нан астам рет жолға шыққан, оларға 964 000 TEU контейнер тиеліп жөнелтілген. Бұл сәйкес мезгілмен салыстырғанда жекелей 32% және 40% -ға ұлғайған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото