Бейжің қысқы Олимпиадасы жабық басқару жүйесін енгізеді және шетелдегі көрермендерге билеттерді сатпайды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 30 қыркүйек

30 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 29 қыркүйекте ХОК президенті Бах ХОК атқару комитетінің мәжілісін басқарып ашты, халықаралық паралимпиадалық комитеттің президенті Парсонс мәжіліске қатысты.

Мәжілісте Бейжің-2022 қысқы Олимпиада мен Паралимпиада кезінде індеттің алдын алу мен бақылаудың негізгі саясаты қаралды. 2022 жылдың 23 қаңтарынан қысқы Паралимпиаданың соңына дейін қысқы Олимпиаданың қауіпсіз өткізілуін қамтамасыз ету үшін жабық циклді басқару енгізіледі; Эпидемияның таралуынан сақтану және барлық қатысушы тараптардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін билеттерді шетелдегі көрермендерге сатпау туралы шешім қабылданды; Қысқы Олимпиада ойындарының жабық цикліне енетін барлық қатысушылар мен қызметкерлер күн сайын нуклеин қышқылын тестілеуден өтеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото