Бүгін Хотан-Чарқылық теміржолының тұтас релсі төселіп болды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 30 қыркүйек

30 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Дәл бүгін 1012 күн бойы жел және құммен сайысқан Хотан-Чарқылық теміржолының барлық релсі төселіп болды. Бұл Тарым ойпаты мен Такламакан шөлін қоршап жатқан теміржол желісінің соңғы бөлігінің релс төсеуі аяқталғанын білдіреді.

Хотан-Чарқылық теміржолы туралы

Хотан-Чарқылық теміржолының жалпы ұзындығы 825,476 шақырым. Ол Шыңжанның оңтүстігіндегі Хотан аймағы мен Байынғұлиын моңғол автономды облысының Чарқылық ауданын жалғап жатыр. Құрылыс 2018 жылдың аяғында ресми түрде басталып, 2020 жылдың мамырында толық жолды төсей бастады. Бұл жол 2022 жылдың маусымында ашылып, жұмысын жүргізеді деп жоспарлануда.

Құрылыс басталғаннан бергі үш жылда теміржолшылар ыстық және құрғақ ауа райының жағымсыз әсерлерін, қиын құрылыс жағдайлары мен ресурстардың жетіспеушілігін жеңе отырып, құрылыс міндеттеріне көңіл бөліп, теміржол құрылысын жоғары сапада ілгерілетті.

Хотан-Чарқылық теміржолы «Өлім теңізі» деп аталған әлемдегі екінші ірі жылжымалы шөл Такламакан шөлінің оңтүстік шетінде орналасқан. Құмның теміржол құрылысына кедергі болуынан сақтану ұшін, теміржолды бастап сала бастағанда-ақ «Алдымен құмды тізгіндейік» деген құрылыс танымын ортаға қойған болатын. Сондықтан желді тосып, құмды тізгіндеу мен теміржол салу бір уақытта жүргізілді. Бұл ұлттық теміржол құрылысы саласында да бірінші рет кездеседі. Қазіргі уақытта теміржол бойындағы жасыл дәліздер жел мен құмға қарсы табиғи тосқауылға айналды.

Хотан-Чарқылық теміржолы-ұлттық орта және ұзақ мерзімді теміржол торабы жоспарылауының орта және батыс аймақтарындағы маңызды аймақтық жолдарының магистральдық желісі. Ол оңтүстік Шыңжаңның солтүстік-батыс пен оңтүстік-батыс аудандарын байланыстыратын ыңғайлы көлік арнасы болып табылады. Жолдың батыс бөлігіндегі Қашқар-Хотан теміржолы 2010 жылдың аяғында аяқталды және іске қосылды, ал шығыс бөлігінің Чарқылық-Голмуд бөлегі 2020 жылдың соңында іске қосылды.

Хотан-Чарқылық темір жолы, Оңтүстік Шыңжаң теміржолы мен Голмуд-Корла теміржолы Тарым ойпатының айналасындағы теміржол айналма жолын құрайды, бұл өткен жылы Солтүстік Шыңжаң теміржол айналма жолының құрылуынан кейін Шыңжаңдағы тағы бір теміржол сақина желісі. Ол іске қосылғаннан кейін Луоп, Шерия, Керия, Ние, Чершен сынды бес ауданда пойыз қатынамайды деген тарихты аяқтайды, бұл аймақтық экономикалық дамуға жәрдемдесу мен ауылдық жерлерді жандандыруды одан әрі жалғастыруда үлкен маңызға ие. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото