Эквадор Денсаулық сақтау министрі: Қытайдың қолдауы біздің індетті жеңуімізге негіз болып табылады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 8 қазан

8 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Эквадордың денсаулық сақтау министрі Химена Гарзон Синхуа ақпарат агенттігінің тілшілеріне 6 қазанда берген бейне сұхбатында Қытайдың қолдауы елдің індеттен құтылуының негізі екенін айтты. Қытайдың қолдауынсыз елдегі вакцинацияның қарқыны ойдағыдай болмақ емес,- деді ол.

Гарзон Қытайдан келген Coxing вакцинасы және Cansino вакцинасының иммундау деңгейі жақсы және жанама әсерлері аз екенін, Эквадор халқының қалауынан шығып отырғанын айтты. Бұл вакциналар екі ел арасындағы достық қарым -

қатынастың көрінісі болып табылады. Вакцинацияның егілу қарқынына сәйкес Эквадордағы аурухана төсектері мен жан сақтау бөлімшелерінің толу деңгейі төмендеді. Офлайн қызмет пен білім саласы біртіндеп қалпына келтірілді. Осы жылдың ішінде экономикалық және әлеуметтік қайта жандану іске қосылады деп күтілуде.

29 қыркүйекте Эквадор Денсаулық сақтау министрлігі 15 қазаннан бастап елдегі 6 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға қытайлық Coxing вакцинасын егетінін хабарлады. Гарзон журналистерге үкімет бұл шешімді негізінен Чили мен Қытайдағы Coxing вакцинасының оң мәліметтеріне сүйене отырып қабылдағанын және оның қауіпсіздігі мен тиімділігі ғылыми түрде расталғанын жеткізді.

Эквадор Денсаулық сақтау министрлігінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта Эквадорда вакцинацияланатын коронавирус вакциналарының көпшілігі Coxing вакцинасы, сонымен бірге Cansino вакцинасы, АҚШ -тың Pfizer және Ұлыбританияның AstraZeneca вакциналары болып табылады. 4 қазанға дейін елде 9,95 миллионнан астам адам жаңа вирусқа қарсы вакцина алып үлгерген. Бұл бүкіл ел халқының шамамен 56%-ын құрайды. Эквадор үкіметі ағымдағы жылдың соңына дейін халықтың 85% -ы індетке қарсы екпе

алады деп сеніп отыр.

Эквадордың Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған мәліметтерге сәйкес, 6 тамызға дейін Эквадорда індетпен ауырғандар саны 511 317-ге, қайтыс болғандар саны 32 819 –ға жеткен.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото