ҚР Энергетика вице-министрі : Қытай-Қазақстан өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтеді және тереңдетеді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 8 қазан

8 қазан, онлайн «Халық Газеті» --  29 қыркүйекте «Энергетикалық Жібек жолы: Орталық Азиядағы мұнай-газ ынтымақтастығының нәтижелері мен перспективалары» халықаралық ғылыми конференциясы видео арқылы өтті.

Конференцияға қатысушылардың энергетикалық ынтымақтастық Қытай мен Қазақстан және Орталық Азиядағы басқа елдер арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бөлігі екендігі туралы пікірі бір жерден шықты. Қытай мен Орталық Азиядағы елдер «Энергетикалық Жібек жолын» ортақ құрып, тараптар үшін энергетика, соның ішінде әр түрлі салалар бойынша тең және өзара тиімді ынтымақтастықтың негізін қалады.

ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Қытай-сенімді энергетикалық әріптес, Қытай-Қазақстан мұнай құбыры мен Қытай-Орталық Азия табиғи газ құбыры Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы «Энергетикалық Жібек жолы» құрылысының негізін қалады деді. Әсет Мағауов сонымен қатар Қазақстандағы Қытай қаржыландыратын компаниялар Қазақстанның энергетикалық саласын жетілдіруге маңызды үлес қосқанын және екі жақ өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтетінін, тереңдететінін баса айтты.

Іс-шараға Қазақстан, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстанның көрнекті саяси қайраткерлері, ғалымдары мен сарапшылары, мемлекеттік органдардың, зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото