қыркүйектің соңында еліміздің валюталық резервтерінің ауқымы 3206 миллиард АҚШ долларын құрады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 8 қазан

8 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік валюта басқармасы 7 қазанда жариялаған мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың қыркүйек айының соңына дейін, еліміздің валюталық резервтерінің ауқымы 3206 миллиард АҚШ долларын құрады, тамыз айының соңында мөлшерден 31,5 миллиард АҚШ долларына азайып, 0,97%-ға кеміген.

Мемлекеттік валюта әкімшілігі директорының орынбасары және ақпарат мәлімдемешісі Ван Чуньиннің айтуынша, 2021 жылдың қыркүйегінде халықаралық қаржы нарығында індет және ірі елдердің ақша-несие саясатының күтулері сияқты факторлардың әсерімен, АҚШ долларының индексі өсті де, ірі елдердегі қаржылық активтердің бағасы тұтастай төмендеді.

«Валюта резервтері АҚШ доллары бойынша бағаланады, ал АҚШ долларына жатпайтын валюталар АҚШ долларына айырбасталғаннан кейін , оның саны азаятын болады. Актив бағасының өзгеруімен және басқа факторлармен осы айда валюталық резервтердің ауқымы төмендеді»,- деді Ван Чуньин.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото