Ван И терроризмге қарсы болашақ халықаралық мақсатқа қатысты бес ұсынысты алға тартады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 9 қазан

9 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 8 қазан күні, Мемлекеттік кеңесші және Сыртқы істер министрі Ван И 7-ші қазан күні терроризмге қарсы жаһандық форумның министрлердің 11-ші отырысына жазбаша мәлімдеме жасады.

Ван И барлық елдердің бірлесіп құлшынуының арқасында терроризмге қарсы халықаралық ынтымақтастық керемет нәтижелерге қол жеткізгенін, бірақ лаңкестік күштердің жеңіле қоймайтынын және террористік желі әлі де таралып жатқанын айтты. Індеттің ұзаққа созылуы халықаралық терроризмге қарсы күресте күрделі әсер етті. Халықаралық қоғамдастықтың лаңкестікке қарсы күресте міндеті ауыр, жолы ұзақ. Ал терроризмге қарсы халықаралық ынтымақтастықты тек нығайтуға болады, әлсіретуге болмайды.

Ван И терроризмге қарсы болашақ халықаралық мақсатқа арналған бес ұсынысты алға тартты: Біріншіден, Біріккен Ұлттар Ұйымының өзекті рөлін сәулелендіру керек; Екіншіден, симптомдарды да, негізгі себептерді де емдеу принципін сақтау керек; Үшіншіден, кез келген «Қос стандарт» бас тарту керек; Төртіншіден, жаңа қатерлер мен сынақтардың алдын алу қажет; Бесіншіден, дамушы елдердің терроризмге қарсы әлеуетін күшейту керек.

Ван И терроризм адамзаттың қоғамдық жауы екенін айтты. Біз адамзаттың тағдырлас ортақ тұлғасының биігінде тұрып, бірігіп, ынтымақтасып терроризмге бірге төтеп беруіміз керек. Қытай әрқашан халықаралық лаңкестікке қарсы лагерьдің маңызды қатысушысы және ұлес қосушысы.

Еліміз басқа елдермен терроризмге қарсы және радикализацияға қарсы тиімді алмасу мен ынтымақтастықты жалғастыруға және өзінің күш-жігерімен терроризмге қарсы халықаралық процесске «Қытай шешімін» қамтамасыз етуге дайынбыз. Тұрақты бейбітшілік пен жалпыға ортақ қауіпсіздік әлемін құруға үлкен мол үлес қосады. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото