Азық-түлік бағасының әлемдік индексі соңғы 10 жылдағы ең жоғары деңгейге көтерілді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 9 қазан

9 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- БҰҰ-ның Азық -түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы азық -түлік бағасының соңғы индексін 7 қазанда жариялады. Деректер көрсеткендей, ағымдағы жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша ФАО азық-түлік бағасының индексі орташа алғанда 130,0 пайызды құрап, өткен айдағы және былтырғы жылдағы сәйкес мезгілден жекелей алғанда 1,2%-ға, 32,8%-ға өсті. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Индекстің соңғы өсуінің негізгі себебі - астық пен өсімдік майы түрлері бағасының өсуі. Сондай-ақ сүт өнімдері мен қант бағасы жоғарыласа, ал ет бағасының индексі тұрақты қалпын сақтады. ФАО азық-түлік бағасының индексі азық –түлік халықаралық бағаларының ай сайынғы өзгеріс өлшемі болып табылады. Ол астық, өсімдік майы, сүт өнімдері, ет және қант сияқты бес тауар санатының баға индекстерінің орташа алғандағы құнынан тұрады.

ФАО -ның азық -түлік бағасы индексінің соңғы 10 жылдағы траекториясына қарап, мынаны байқаймыз: Индекстің 2011 жылдық орташа деңгейі 131,9 пайызға жеткен. Содан кейін жылдан жылға кеміп, 2014 жылы 115,0 пайызға, ал 2015 жылы 93,0 пайызға дейін төмендегені байқалған. 2020 жылға дейін

91.9 -дан 98.0 аралығында аз мөлшерде өзгеріп отырған. Алайда, өткен жылдың қыркүйегінен бастап индекс жедел көтеріліп, 97,9 -дан 130,0 -ге дейін өсті. Қазірше көтерілу тенденциясының өзгеру белгісі байқалмайды.

Нақты ауыл шаруашылығы тауарларының ішінде бидай мен өсімдік майының бағасы айтарлықтай өсті. Бидай бағасының қыркүйек айында алдыңғы айдағыдан 4% -ға өсуі ФАО астық бағасы индексінің жоғарылауына басты себеп болды. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, деректер жаһандық азық -түлік инфляциясының ұлғайып бара жатқанын көрсетеді. Өсімдік майы мен бидайға деген сұраныс артуда, ал егін жинау ауа райының қатаң сынына ұшырап отыр. Сонымен қатар, халықаралық жүк тасымалдау шығындарының өсуі мен жеткізілім желісі жұмысшыларының жетіспеушілігі мәселені қиындатып, кейбір супермаркеттер сөрелерінде тауарлардың тапшылығын тудырды. Өзге де сарапшылардың пікірінше, ауылшаруашылық өнімдерін жинаудың кедергіге тап болуы және Қытайдағы сұраныстың артуы да өткен жылы ауылшаруашылығы шикізатына деген әлемдік бағаның күрт өсуіне негізгі фактор болған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото