Си Цзиньпин Жапония премьер-министрі Фумио Кишидамен телефон арқылы сөйлесті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 11 қазан

11 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР төрағасы Си Цзиньпин 8 қазанда Жапония премьер-министрі Фумио Кишидамен телефон арқылы сөйлесті.

Си Цзиньпин Қытай мен Жапония жақын көрші, «Көршілер тату жүрсе, елге құт» деп атап көрсетті. Қытай мен Жапония арасындағы достық пен ынтымақтастық қарым-қатынасты сақтау мен дамыту екі ел мен екі ел халықтарының негізгі мүдделеріне сәйкес келеді, сонымен қатар Азия мен әлемдегі бейбітшілікке, тұрақтылық пен өркендеуге септігін тигізеді. Қазіргі уақытта Қытай-Жапония қарым-қатынастарында мүмкіндік пен сынақ бірдей сақталып отыр. Қытай Жапонияның жаңа үкіметі екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі байланысты сақтауға үлкен мән берегенін жоғары бағалайды, Жапониямен диалог және ынтымақтастықты нығайтуға, тарихтан сабақ алып болашақты құру рухын ұстанып, жаңа дәуір талаптарына жауап беретін Қытай-Жапония қатынастарын құруды қалайды. Келесі жылы Қытай мен Жапония арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың қалыпқа келгеніне 50 жыл толады, екі жақ та өздерінің бастапқы ұмтылыстпен ниеттерін қайта қарастырады, бір-біріне жақындай түседі және осы маңызды тарихи кезеңді бірлікте қарсы алады, екіжақты қатынастар дамуының жаңа перспективаларын ашады деп үміттенеміз..

Си Цзиньпин Қытай мен Жапония екіжақты қарым -қатынастың оң және теріс жақтарынан шынайы сабақ алып, Қытай мен Жапония арасындағы төрт саяси құжатта бекітілген қағидаларды сақтап, «өзара ынтымақты серіктес болу, өзара қауіп төндірмеу» саяси консенсусын жүзеге асыруы керектігін айтты. Тарих пен Тайваньға қатысты маңызды және сезімтал мәселелер үшін екі жақ келіспеушіліктерді дұрыс басқарып, бағытты дұрыс меңгеріп, екі ел арасындағы қарым-қатынастың саяси негізін және жалпы жағдайын қорғай білу керек. Екі жақ ел басқарудағы алмасулар мен экономикалық саясатты үйлестіру бойынша алмасуды күшейтуі керек, бірлескен әділ және ашық сауда мен инвестициялық ортаны сақтап, екі халықтың пайдасын жақсарту үшін қосымша артықшылықтар мен өзара тиімділіктің жоғары деңгейіне қол жеткізуі тиіс. Екі жақ өздерінің негізгі мүдделері мен адамзаттың ортақ мүдделеріне сәйкес шынайы көпжақты көзқарасты ұстануы керек, шығыс Азияның «Мықтылар ұқсас болмайды, бірақ шығысымды болады; біріккен күшті болар» деген даналығын насихаттап, аймақтық ынтымақтастыққа жебеуші болып, жаһандық сын-қатерлерге бірлесіп төтеп берулері керек және әлемдегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен дамуды бірге қорғауы қажет. Жапонияны Токио Олимпиадасын табысты өткізгені үшін құттықтаймыз және Жапонияны келесі жылдың ақпанында өтетін Пекин қысқы Олимпиадасына белсенді қатысуға шақырамыз.

Кишида Фумио Қытайдың Ұлттық күні мерекесімен құттықтады. Кишида қазіргі халықаралық және аймақтық жағдайға байланысты Жапония-Қытай қарым-қатынасы жаңа дәуірге қадам басқанын айтты. Жапония Қытаймен бір ниетте болып, Жапония-Қытай қарым-қатынастарының тарихынан маңызды сабақ алады, келесі жылы Жапония-Қытай дипломатиялық қарым-қатынасының қалыпқа келуінің 50 жылдығына орай, Жапоия конструктивті және тұрақты, Жаңа дәуір талаптарына сай келетін Жапония-Қытай қарым-қатынасын құруға құлшынады. Екі жақ келіспеушіліктерді диалог арқылы шешуі керек. Жапон жағы Қытаймен экономикалық ынтымақтастық пен бұқаралық алмасуды нығайтуға, індетке және климаттың өзгеруіне қарсы күрес сияқты маңызды халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша тығыз байланыс пен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын. Жапондық тарап Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының сәтті өтуіне тілектестік білдіреді.

Екі тарап та бұл диалогты өте уақтылы және өте маңызды деп санайды және екі ел арасындағы қатынастардың дұрыс дамуына бағыт беру үшін әртүрлі әдістер арқылы интерактивті қарым-қатынасты жалғастыруға келіседі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото