Ғалымдар Хуалун үңгіріндегі адамдардың келбетін қалпына келтіріп, шығысазиялық адамдар 300 мың жыл бұрын қазіргі адамға айнала бастағанын растады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 11 қазан

11 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 8 қазанда Қытай Ғылым Академиясының Омыртқалылар палеонтологиясы мен палеоантропология институты (Қытай Ғылым Академиясының Палеонтология институты) хабарлама жариялап, Институттың зерттеушілері Лю Ву мен У Сюйцзы бастаған қытайлық-шетелдік зерттеу тобы Аньхой өлкесінің Дунжи ауданындағы Хуалун үңгірінің ежелгі адам орнында сегіз жыл қатарынан зерттеулер мен қазба жұмыстарын жүргізді. Соңғы зерттеуінде, 300 мың жыл бұрын Хуалундоңдықтардың бет-әлпетінде мозаикалық морфологиялық сипаттамалар болғанын мәлімдеді.

Олардың көзінің аңғалағы мен бет пішініндегі ішінара ерекшеліктер Жоукодиан, Нанкин, Дали, Цзинниушань сияқты орта плейстоцендік гомо эректус пен ежелгі адамдарға ұқсайтынын былай қойғанда, бет әлпетінің көпшілігі қазіргі заманғы адамдар мен қазіргі адамдардың ерекшелігіне ұқсас. Бұл сондай-ақ Шығыс Азиядағы алғашқы осызаман адамдарының бет-әлпеті бар ертедегі адам саналады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото