Бейжіңде Қытайлық және шетелдік БАҚ үшін Шыңжаңның «Терроризмге қарсы көрмесі» ашылады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 12 қазан

11 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 11 қыркүйекте Бейжіңде Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық районының Шыңжаңға қатысты мәселелері бойынша 57-нші баспасөз конференциясы өтті. БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінің енді ғана аяқталған 48-інші сессиясында кейбір батыс елдері Шыңжаңға қатысты мәселелерге «алаңдаушылық» білдірген. Әсіресе, АҚШ «Әлемдік ұйғыр комиссиясы» сияқты зорлық-зомбылық, террористік және сепаратистік ұйымдармен ынтымақтасып және аталмыш «көрмелер» ұйымдастырып, Қытай туралы жалған ақпарат таратқан болатын. Бұл жөнінде Шыңжаң -Ұйғыр автономиялық районы халық үкіметінің ақпарат хатшысы Сюй Гуисян жоғарыдағы айтылғандарды үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Сюй Гуйшян баспасөз мәслихатында былай деді: «АҚШ пен Батыс елдеріндегі Қытайға қарсы күштердің Қытайдың Шыңжаңдағы адам құқықтары жағдайын сынауы және Шыңжаңның терроризмге қарсы әділ әрекеттерін <адам құқығын бұзды> деп айыптауы ақылға сыймайды». Баспасөз мәслихатында ауылдық жерлердегі бұқара өкілдері де БАҚ -пен бейне байланыс арқылы өзара пікірлесті. Мысалы, Шыңжаң исламдық қауымдастығының вице-президенті және Қашқардағы Әйтгар мешітінің имамы Мемет Жұма Айтгар мешіті қақпасының маңдайшасындағы жазбаны таныстырды. Еске сала кетсек, АҚШ -тың Қытайдағы елшілігі «Қытай үкіметі исламды басып-жаншып, Айтгар мешітіндегі 100 жылдан астам тарихы бар бәдізді тақтайшаны алып тастады»,- деген болатын. Мәмет Жұма бұл жалған ақпаратты нақты айғақтар арқылы жоққа шығарды.

Баспасөз конференциясына дейін қытайлық және шетелдік БАҚ өкілдері «Шыңжаңның терроризмге қарсы көрмесімен» танысты. Көрме үш бөліктен тұрады. Олар Шыңжаңның негізгі жағдайымен, Шыңжанда болған зорлық-зомбылық террорлық оқиғалармен, Шыңжаңның лаңкестікпен күресу, радикалдауды жою шаралары және оның нәтижелерімен таныстырады.

«Мен антитеррорлық көрмеге бірінші рет келіп отырған жоқпын, бірақ,бұл жолғы ұйымдастырылған көрме ерекше таң қалдырды»,-деді пәкістандық журналист Мохамед Асгар. Ол бұған дейін Шыңжаңға екі рет барып, басқа шетелдік БАҚ тілшілерімен бірге жергілікті «терроризмге қарсы көрмемен» танысқан еді. «Егер сіз бұл фотосуреттер мен бейнелерді бұрын көрмесеңіз, онда сіздің зорлық-зомбылықпен айналысатын террористердің мұндай үрейлі әрекеттерін елестетуіңіз қиын. Менің ойымша, бұл көрме сыртқы әлемге Шыңжаңдағы шынайы жағдайды түсінуге мүмкіндік береді, өйткені Шыңжаң туралы қауесеттер тым көп»,-дейді ол.

Тек Шыңжаңда ғана ашылған «Терроризмге қарсы көрме» неліктен Шыңжаңнан кейін Бейжіңде ашылғаны туралы Сюй Гуйшян екі тарапты ойға байланысты екенін айтты. Бастысы, Бейжіңдегі көрме Шыңжаңның лаңкестік пен радикализмге қарсы күресінің шынайы бет-бейнесін және жағымды нәтижелерін әлемге көрсету үшін қолайлы болмақ. Сонымен қатар, біз мынаны қайталап айтқымыз келеді: «Шыңжаңдағы әшкере және адал жасаған барлық әрекеттеріміз Шыңжаңдағы әрбір этнос өкілдеріне құт-береке әкеледі». «Терроризмге қарсы көрме» Бейжіңде лаңкестердің іс-әрекеттерін әлемге таныту үшін ашылды. Бұл соңғы жылдары Шыңжаңда болған жер мен көктей өзгерістердің елдегі және шетелдегі жұртшылықты ерекше әсерге бөлейтініне толық сенімді екенімізді көрсетеді. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото