Бейжің кедені Бейжің қысқы Олимпиада тесітіне қатысатындардың бірінші тобының шекарадан кіруіне тиімді кепілдік етті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 12 қазан

11 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 10 қазан күні, «Бейжіңде кездесу» атты конькимен сырғанаудан ашық жарыс-қысқы Олимпиада тесті «Мұз таспасы» Мемлекеттік конькимен жүгіру залында шымылдығын жапты. Осы кезеңде Бейжің кедендік ұйымы Бейжің қысқы Олимпиада тестіне қатысатындардың шекарадан кіруіне тиімді кепілдік етті.

Жеке тұлғалар үшін үш алтын медальды жеңіп алған Голландиялық конькимен сырғанаушы Грэвиит: «Әдетте біз шетелге барып жарыс ойнағанда үйді сағынатынбыз, бірақ бұл жолғы жарыста мен ешқандай тосырқамадым. Бейжіңге келгеннен бастап, қонақүйде тұрудан ойынның жүгіруіне дейін бәрі де ыстық сезілді. Жарыс орындар өте жақсы, қызметкерлер қызметіне адал және шөгел.... Жалпы жақтан өте жақсы. Мен Қытайға келіп жарысқа қатысқаныма өзімді бақытты сезінемін» - деді.

Мәліметтерге сәйкес, Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының тесітіне қатысатын жалпы 475 адам 3-9 қазан аралығында Бейжіңге келіп, кедендік ресімдеу процедураларын сәтті аяқтағаны белгілі болды. Бірінші топтағы шекарадан кіретіндер тоғыз уақытша және екі чартерлік рейспен кірді. Оның ішінде конькимен сырғанау, қар шана және басқа да нысандарға қатысатын спортшылар, қатысты техникалық қызметкерлер мен жарыс операторлары бар.

Бейжің кедені Бас Кеден Әкімшілігінің, Бейжің қалалық қатысты орындардың тиісті орналастыру талаптарына сәйкес Бейжің қысқы Олимпиада ойындары тесті қызметкерлерінің кіруіне және кедендік ресімделуіне қатаң әрі тиімді кепілдік береді.

Астаналық әуежайдың кедендік саяхат инспекциясының бірінші бөлімінің директоры Лю Цуйхун: «Біз қысқы Олимпиадаға келетін адамдардың шекарадан кіруіне кепілдік ету жұмыс жоспарын құрдық және кедендік рәсімдерді жүргізетін арнайы қызметкерлерді тағайындадық. Олимпиадаға байланысты адамдар үшін қызмет кепілдіктері мен кедендік ресімдеудің ыңғайлылығын ұсынып, олардың кеденнен тез өтуіне кепілдік береміз»-,деп таныстырды.

Қазаннан желтоқсанға дейін Бейжің, Яньцин және Чжанцзякоу сынды үш жарыс аймағындағы сегіз жарыс алаңында 10 халықаралық жарыс, үш халықаралық жаттығу апталығы және екі отандық тестілеу шарасы өтеді. Бейжің қысқы Олимпиада жарысына табысты тәжірибе жинақтау үшін дайындықтың барлық элементтері сыналады. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото