Ұлттық статистика бюросы қалалардың соңғы рейтингтерін жариялады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 13 қазан

13 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Ұлттық статистика бюросы жариялаған мәліметтер елімізде 7 мегаполис ірі қалалар мен 14 ерекше үлкен қала бар екенін көрсетті.

Жетінші ұлттық санақ мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылдың 1 қарашасы сағат 0:00–ге дейінгі жағдай бойынша, қалалық жерлерде тұрақты тұратындардың саны бойынша іріктесек, еліміздің мегаполистеріне Шанхай, Бейжің, Шэньчжэнь, Чунцин, Гуанчжоу, Чэнду және Тяньцзинь сынды 7 қала кіреді. Олардың ішінде Шанхай қаласының тұрақты тұрғындарының саны 19,87 миллионды құрап, бірінші орында тұр.

Сонымен қатар, елімізде Ухань, Дунгуан, Сиань, Ханчжоу, Фошань, Нанкин, Шэньян, Циндао, Цзинань, Чанша, Харбин, Чжэнчжоу, Куньмин және Далянь сияқты 14 ерекше үлкен қала бар. Олардың ішінде Ухань қаласының тұрақты тұрғындарының саны 9,95 миллионды құрайды, бұл мегаполис қала атану табалдырығынан небары 50 мың адам ғана кем.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 5 миллионнан көп, 10 миллионнан аз тұрғыны бар қалалар – ерекше үлкен қалалар, ал 10 миллионнан астам қала тұрғындары бар қалалар – мегаполис қалалар болып саналады.

2020 жылы Тұрғын үй және қала құрылысы министрлігі «2019 қалалық құрылыс статистикалық жылнамасын» жариялады. Ол кезде елімізде мегаполис қалалардың тізіміне сәйкес келетін 6 қала ол: Шанхай, Бейжің, Чунцин, Гуанчжоу, Шэньчжэнь және Тяньцзинь. Және 10 ерекше үлкен қалалар, олар Дунгуань, Ухань, Чэнду, Ханчжоу, Нанкин, Чжэнчжоу, Сиань, Цзинань, Шэньян, Циндао.

Салыстырмадан алып қарасақ, Чэнду қаласы ерекше үлкен қаладан мегаполис қалаға өскенін, ал Фошан, Чанша, Харбин, Куньмин және Далянь сияқты бес қала ерекше үлкен қалалар қатарынан бой көрсеткенін көруге болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото