Алғашқы үш тоқсанда еліміздегі тауар саудасы импорты мен экспортының жалпы көлемі 28,33 триллион юанды құрады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 14 қазан

14 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші 13-ші қазан күні Мемлекеттік кеңестің ақпараттық кеңсесінің баспасөз мәслихатынан алған мәліметіне сәйкес, Кедендік деректер көрсеткендей, осы жылдың алғашқы үш тоқсанында еліміздің тауарлар саудасының жалпы импорты мен экспорты 28,33 триллион юанды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,7%-ға өсті. ал 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,4%-ға өсті.

Алғашқы үш тоқсанда еліміздің экспорты 15,55 триллион юанды құрап, 22,7% артты. Оны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,5%-ға өсті. Ал импорт 12,78 триллион юань болып, 22,6%-ға өсті. Ол 2019 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 22% артқан. Импорттың ауқымы тарихтағы осы кезеңдегі рекордтық көрсеткішке жетті.

Бас кеден басқармасының баспасөз хатшысы, статистика және талдау департаментінің директоры Ли Куйвэнь еліміздің сыртқы сауда көрсеткіштері әлемнің ірі экономикаларының көшбасшысы екенін айтты, бұл халықаралық нарықтағы үлестің ұлғаюынан да көрінеді. Соңғы мәліметтер бойынша, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің импорты мен экспортының халықаралық нарықтағы үлесі шамамен жеке-жеке 13,2%, 14,5% және 12% болды, ол сәйкесінше 0,8, 0,9 және 0,8 пайызға өсті. Еліміз тауар саудасы бойынша ең ірі ел мәртебесін сақтауды жалғастыруда.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото