«Шэньчжоу-13» басқарылатын ғарыш кемесінің осы реткі ғарыштық сапарына назар

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 15 қазан

15 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың ғарыштық инженерлік кеңсесі 14 қазан күні «Шэньчжоу-13» басқарылатын ғарыш кемесі Бейжің уақытымен 16 қазан сағат 00:23-те ұшырылатынын мәлімдеді. Чжай Чжиган экипаж командирі, және де Ван Япин мен Е Гуанфу сынды басқа екі ғарышкерлермен бірге «Шэньчжоу-13» басқарылатын ғарыш кемесінің миссиясын орындайды.

«Шэньчжоу-13» басқарылатын миссиясының баспасөз конференциясы Цзюцюань спутнигін ұшыру орталығында 13 қазан күні түстен кейін өтті. Жиналыс кездесуде «Шэньчжоу-13» миссиясының құрылымы таныстырылды.

Ғарышкерлер 6 ай бойы орбитада бірінші рет орналасады, бұл ғарышкерлер экипажының ғарыш станциясын пайдалану кезінде қалыпты тұру кезеңі.

Қытай әйел ғарышкері тұңғыш рет Қытайдың ғарыш станциясына кіреді деп жоспарлануда. Ғарышкер Ван Япин Қытайдың тұңғыш реткі кабинадан тыс шараларды орындаған алғашқы әйел ғарышкері болмақшы. Ал «Шэньчжоу-13» экипажына Қытайдан алғаш рет ер-әйел ғарышкерлер кіреді.

Басқарылатын ғарыш кемесі ғарыш станциясын алғаш рет радиалды қондыру үшін автономды және жылдам ұштасу мен қондыру әдістерін қолданады. Сол кезде Қытай ғарыш станциясы негізгі кабина, 2 жүк ғарыш кемесі және 1 басқарылатын ғарыш кемесі сынды 4 ұшу асбабының бірлескен жұмысын жүзеге асыратын болады.

«Шэньчжоу-13» басқарылатын ұшу миссиясында кабинадан 2-3 рет тысқа шығып, Үлкен - кіші механикалық қолдар мен қос қолды комбинациялық адаптерлер және аспалы қондырғыларды орнатады. Сол арқылы ғарыш станциясының құрылысының келесі міндеттеріне дайындалады.

Ғарыш станциясының құрылысы кезеңінде жалпы 6 миссияны жүзеге асыруды жоспарланды:

Алдымен материалдарды тасымалдау үшін «Тяньчжоу-4» жүк ғарыш кемесін ұшырып және келесі «Шэньчжоу-14» басқарылатын ұшу миссиясына дайындалады;

«Шэньчжоу-14» экипажы орбитада болған кезде, «Вентиан» эксперименталды кабинасымен «Ментян» эксперименталды кабинасы бір-бірінің артынан ұшырылады, олар «Тяньхэ» өзекті кабинасымен түйісіп, ал кабиналар бөлімі ауыстырылады. 2022 жылдың соңына дейін ғарыш станциясының үш кабиналы комбинациясының құрылысын аяқтайды;

Содан кейін «Тяньчжоу-5» жүк жеткізуі мен «Шэньчжоу-15» басқарылатын миссиясы орындалады, «Шэньчжоу-15» экипажы «Шэньчжоу-14» экипажымен орбитада алмасады. Ғарыш станциясының жай-күйін жан-жақты бағалағаннан кейін ол ғарыш станциясын қолдану мен әзірлеу сатысына ауыстырылады.

Болашақта ол ғарыштық зерттеу телескопын уақытында іске қосады, ұзақ мерзімді және тәуелсіз ұшу үшін ғарыш станциясымен ортақ орбитада ұшады, аспанға бақылау жүргізеді және қысқа мерзімді толықтыру үшін ғарыш станциясында тоқтайды, және де техникалық қызмет көрсетуді жаңартады.

Мәліметтерге сәйкес, Қазіргі уақытта «Шэньчжоу-12» экипажының ғарышкерлері Не Хайшэн, Лю Бомин, Тан Хунбо оқшаулау мен қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Жақында сауықтыру және қалпына келтіру кезеңіне кірмекші.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото