2021 Еуразиялық экономикалық форум Сиань қаласында ашылады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 19 қазан

19 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 2021 Еуразиялық экономикалық форум 18-ші қазан күні Шэньсидің Сиань қаласында ашылды. Қытай Халықтық Саяси Консультативтік Конференциясының Ұлттық Комитеті Төрағасының орынбасары Батыр ашылу салтанатына қатысып, маңызды баяндама жасады.

Батыр президент Си Цзиньпин «Бір белдеу, бір жол» бастамасын бірлесіп құруды ұсынғаннан кейін Еуропа мен Азия елдері оң жауап беріп, бірге қатысып, бірге ынтымақтасқанын және бірге пайда көргенін атап көрсетті. Тәжірибе «Бір белдеу, бір жолды» бірге құру әлемдік экономиканың өсуіне жаңа кеңістік ашқанын және барлық елдердің халқының әл-ауқатын жақсартуға жаңа үлес қосқанын дәлелдеді.

Батыр Еуразиялық экономикалық форумның Жібек жолы рухын жалғастыру мен өзара тиімді ынтымақтастықты талқылау үшін маңызды алаң екенін атап өтті. Бұл форумның тақырыбы: «Ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін игеру және дамудың жаңа жолын ашу». Ол Еуропа мен Азия елдері арасындағы алмасу мен ынтымақтастық алаңын құрудағы маңызды текше,сондықтан алатын маңызы да зор. Барлық тараптар осы мүмкіндікті пайдаланып, Еуразиялық ынтымақтастықтың одан әрі тереңдетіп және нығайтып, «Бір белдеу, бір жолды» жоғары сапада құрып,аймақтық және жаһандық экономикалық даму мен өркендеуге үлес қосады деп үміттенеміз.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото