Қорғас шекарасынан биыл кіріп-шыққан Қытай-Еуропа кезекші пойызы 5000-ға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 19 қазан

19 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 18-і қазан күні Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қорғас кеденінен белгілі болғандай, осы уақытқа дейін, биыл Қытай мен Қазақстан шекарасындағы Шыңжаң Қорғас өткелінен кіріп-шыққан Қытай-Еуропа кезекші пойыздарының саны 5 мыңнан асты.

Қытай-Еуропа кезекші пойыздарының тауарларды тасу көлемі мол, бағасы төмен, көптеген елдер мен аймақтарға қатынайды әрі тұрақты, ол осындай абзалдықтары болғандықтан барған сайын ел іші сыртындағы кәсіпорындардың қарсы алуына бөленді. Осы жылдың басынан бері Қорғас шекарасынан өткен Қытай-Еуропа кезекші пойыздарының саны былтырғы жылдың жалпы санымен салыстырғанда көп. Әрі Қытайға қайтатын пойыздардың саны да тұрақты түрде артып келеді және күніне «12 пойыз шығып, 7 пойыз қайтып оралатын» жоғары жиілікті жұмысты жүзеге асырып отыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото