ҚКП 19-шы Орталық Комитетінің VI жалпы мәжілісі 8-11 қараша аралығында Бейжіңде өтеді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 20 қазан

20 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- ҚКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросы 18 қазанда партияның ғасырлар бойы жүргізген күресінің басты және негізгі жетістіктері мен тарихи тәжірибесін зерделеу және қорытындылау үшін жиналыс өткізді. Жиналысқа ҚКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпин төрағалық етті.

Жиналыста Қытай Коммунистік партиясының 19 -шы Орталық Комитетінің VI жалпы мәжілісі 8-11 қараша аралығында Бейжіңде өтеді деп шешілді.

ҚКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросы «ҚКП Орталық Комитетінің партияның ғасырлар бойғы күресінің негізгі жетістіктері мен тарихи тәжірибесі туралы қаулысы» туралы партияның ішіндегі және сыртындағы пікірлерді жинақтаған баяндаманы тыңдады және оны қайта қарау туралы шешім қабылдады. Осы отырыста талқыланған пікірлерге негізделген қаулы жоба 19-Орталық Комитеттің алтыншы жалпы мәжілісінде талқыланады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото