Жаңа Азия-Еуропа құрлық-теңіз құрама тасымалдау желісі еркін сауда пилоттық аймағының альянсы құрылды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 20 қазан

18 қазанда Цзянсу өлкесінің Ляньюньган қаласында Жаңа Азия-Еуропа құрлық-теңіз құрама тасымалдау желісі еркін сауда пилоттық аймағы альянсын құру жиналысы өтті. Жаңа Азия-Еуропа құрлықтық көпірінің бойындағы 9 еркін сауда аймағының, Қорғас экономикалық даму аймағы мен Алашанькоу қаласындағы 2 негізгі кеденнің өкілдері одақтық келісімге қол қойды. Альянстың құрылуы Жаңа Азия-Еуропа құрлық-теңіз құрама көлік желісінің бірегей артықшылықтарына толық мүмкіндік беру үшін және оның бойындағы пилоттық еркін сауда аймақтарды бірлесіп дамытуды, селбесіп ашуды жеделдету үшін үлкен маңызға ие.

Келесі қадамда альянс Жаңа Азия-Еуропа құрлық-теңіз құрама тасымалдау желісін дәнекер етіп, логистикалық интеграцияны серпіліс ретінде, экономикалық және сауда ынтымақтастығын басты назарға алып, кедендік рәсімдеуді жеңілдету реформасын ілгерілетуге, ақпарат алмасу мен алмасу механизмін жетілдіруге, негізгі өндірістің селбесіп дамуына, сыртқы сауда ынтымақтастығына, ынтымақтастық жүйесін жетілдіру сияқты негізгі салаларға көңіл бөледі. Ынтымақтастықтың «Бірлесіп құрып бірге пайдаланатын» жаңа моделін белсенді түрде зерттеп, альянстың жоғары сапалы ресурстарымен бөлісу, альянстың сервистік функциясын күшейту және оңтайландыру, жоғары деңгейдегі институционалдық инновация мен жоғары сапалы инновациялық дамуды ынталандыру үшін бірлесіп күш қосу, жақсы бизнестік ортаны жарату және Жаңа Азия-Еуропа құрлық-теңіз құрама тасымалдау желісін бірге құру күшті экономикалық беріктігі бар жаңа ашық оське айналады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото