Хань Чжэн Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловпен телефон арқылы сөйлесті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 22 қазан

22 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 21-і қазан күні Бейжіңде ҚКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының Тұрақты комитетінің мүшесі және Мемлекеттік Кеңес Премьер-Министрінің орынбасары Хань Чжэн Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловпен телефон арқылы сөйлесіп, екі жақ негізінен Қытай-Қазақстан шекара порттары арқылы өтетін жүк-тауарлар жөнінде пікір алмасты.

Хань Чжэн Коронавирус эпидемисы індетінің әсерінен Қытай мен Қазақстан арасындағы шекаралардан тауар өткізудің қысымы күшейгенін, екі жақтың бұл мәселені оң көзқараспен шешу үшін бірлесе жұмыс істеу керектігін айтты. Жақсы шекаралық эпидемияға қарсы жұмыс негізінде екі ел арасындағы тауарлардың қалыпты кедендік ресімделуін қамтамасыз ету үшін мақсатты шаралар қабылдануы керек.Байланыс пен үйлестіруді күшейтіп, темір жол жүктерінің өтуіне әсер ететін мәселелерді бірлесіп зерттеуге, шешуге және автокөлік порттарында жүктердің өтуін қалпына келтіріп, тезірек нәтижеге қол жеткізуге ұмтылу қажет.

Екі жақ Қытай-Қазақстан ынтымақтастық комитетінің оныншы отырысына тең төрағалық етіп, келесі кезеңдегі ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын жоспарлайды деп күтілуде.

Әлихан Смайылов Қазақстан жағы Қазақстан-Қытай экономикалық және сауда ынтымақтастығына, әсіресе шекаралық порттар арқылы өтетін тауарларға үлкен мән беретінін және Қазақстан-Қытай портында жүктердің үздіксіз және кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін Қытаймен бірлесіп жұмыс жасауға дайын екенін айтты. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото