«Бір белдеу, бір жол» жасыл типтік жобаларын бірлесіп құру семинары өткізілді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 25 қазан

25 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 21-і қазан күні Цзянсу(Қытайдың шығысындағы өлке) өлкесінің Ляньюньган қаласында Ұлттық даму және реформа комиссиясының «Бір белдеу, бір жол» құрылысын ілгерлету орталығы ұйымдастырған «Бір белдеу, бір жол» жасыл типтік жобаларын бірлесіп құру семинары өткізілді. Жиынға Қытайдағы шетелдік елшіліктер мен консулдықтардың, Қытайдағы халықаралық ұйымдардың, Қытайлық және шетелдік кәсіпорындардың, қаржы органдарының, университеттердің сараптамалық орталықтарының 100-ге жуық өкілдері қатысты.

Семинарда жасыл энергетика, жасыл көлік инфрақұрылымы, жасыл инвестиция және жасыл қаржыландыру бойынша төрт семинар өтті. Онда Қазақстандағы Жаңатас жел электр станциясы және Пәкістандағы Пенджаб фотоэлектр станциясы сияқты Қытай кәсіпорындар қатысқан 7 типтік типтік жасыл жобалар талқыланды.

Қатысушылар бұл типтік жобалар жасыл технологиялар мен жасыл стандарттарды қабылдағанын және жақсы экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тиімділікке қол жеткізгенін айтты. Барлық елдер «Жасыл Жібек жолының» құрылысына белсенді қатысуға, прагматикалық ынтымақтастықты нығайтуға және тұрақты дамуға қол жеткізу үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото