Қытай әлемдік импорттың 15% артуына үлес қосты

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 26 қазан

26 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытай Сауда министрлігінің өкілі Шу Жуэтин 2020 жылдың аяғына дейін Қытай 12 жыл қатарынан әлемдегі екінші ірі импорт нарығына айналды, сонымен қатар көптеген елдер мен аймақтар үшін негізгі экспорттық бағыт болып табылады деп мәлімдеді.

Жақында Қытайдың алғашқы үш тоқсандағы сыртқы сауда деректері жарияланды. Импортқа келетін болсақ, қаңтардан қыркүйекке дейін Қытайдың импорты шамамен 2 триллион АҚШ долларына жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 32,6%-ға өсіп , ауқымы бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жетті. Халықаралық тұрғыдан алғанда, Дүниежүзілік сауда ұйымының соңғы мәліметтері бойынша, бірінші жартыжылдықта Қытайдың халықаралық импорт нарығының үлесі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,7%-ық тармаққа артып, 12%-ға жетіп, әлемдік импорттың 15 % артуына үлес қосты.

Осы күні Сауда министрлігі өткізген кезекті баспасөз мәслихатында Шу Жуэтин: «Қытай сыртқы әлемге жоғары деңгейде ашықтықты тұрақты түрде алға жылжытып, импортты белсенді түрде кеңейтіп, ішкі және сыртқы нарықтардың өзара байланысы мен фактор ресурстарының бөлісіп алмасуын жеңілдетті. Осылайша Қытай нарығы жаһандық нарыққа, жалпы нарыққа және көпшіліктің нарығына айналады » деді. 

 

 

 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото