- Барлық ақпарат
2022 жылдың 27 қаңтарында қысқы Олимпиада ауылы ресми түрде ашылады
![]() |
28 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 27 қазанда Бейжің қаласы әкімінің орынбасары, Бейжің қысқы Олимпиадалық ұйымдастыру комитеті төрағасының атқарушы орынбасары Чжан Цзяньдун баспасөз мәслихатында қысқы Олимпиада ауылы келесі жылдың 27 қаңтарында ресми түрде ашылып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшыларды қарсы алатынын хабарлады. Алау эстафетасы 2 ақпанда өтеді.
Баспасөз мәслихатындағы таныстыруға сәйкес, стадионның жарыс кезінде жұмыс жасауы мен қауiпсiздiк қабiлетiн одан әрi арттыру үшiн ағымдағы жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында 10 халықаралық сынақ жарысы мен 3 халықаралық жаттығу аптасы өткiзiледі. Олар қысқы Олимпиадалық стандарттарға сәйкес барлық бөлектеріне сынақ жүргiзеді. Ал Қытайда 2000-нан астам шетел спортшылары мен команданың лауазымды тұлғалары толық жабық циклды басқару арқылы жарыстарға қатысады деп жоспарлануда.
Бейжің қысқы Олимпиада ойындарында 480 спортшы жақсы нәтижеге жетеміз деп талпынуда.
Ұлттық спорт басқармасы бас директорының орынбасары Ли Инчуань қазіргі таңда Қытай спортшыларында қар мен мұз спорт түрлері бойынша 29 ұлттық құрама жұмыс істейді, ал қысқы Олимпиада ойындарына 480 спортшы бар күштерімен дайындалып жатқанын айтты.
«Бейжің 2015 жылы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығын жеңіп алған кезде, Қытай 109 шағын іс-шараның шамамен үштен бір бөлігін ешқашан өткізбеген. Ал алдынғы кезекті Пхенчхан қысқы Олимпиада ойындарында біз қатысқан іс-шаралар жалпы жоспарланған шаралар санының жартысына жуығын құрайтын. Алайда бұл жолғы қысқы Олимпиада ойындарында, өткізуші ел ретінде, біз бүкіл іс-шараларға толық қатысу мақсатын іске асыруға ұмтыламыз», – деді Ли Инчуань.
people.cn © People's Daily Online