СИ Цзиньпин жаңа дәуір Қытай үлгісіндегі социализм идеясы

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 29 қазан

Партияның ХVIII құрылтайынан бері, елдің ішкі-сыртқы жағдайындағы өзгерістер мен мемлекеттің түрлі істерінің дамуы ҚКП-на келелі дәуірлік тақырып қойды, бұл үшін, сөз жоқ теория мен іс жүзіндікті ұштастыру негізінде, жаңа дәуірде қандай Қытай үлгісіндегі социализмге табанды болу және оны дамыту, Қытай үлгісіндегі социализмге қалай табанды болу және оны дамыту мәселесіне жүйелі жауап қайтаруға тура келеді. Бұл келелі дәуірлік тақырыпты арқау еткен Қытай коммунистік партиясы Марксизм-Ленинизмді, Мао Цзэдун идеясын, Дэн Сяопин теориясын, «Үшке өкілдік ету» маңызды идеясын, дамуға ғылыми көзқарасты жетекші етуге, идеяны азат етіп, шындықты болмыстан іздеп, дәуір мен бірге алға басып, шындыққа жүгініп, нақты іс істеуге, диялектикалық материализм мен тарихи материализмге табанды болып, жаңа дәуірлік шарт-жағдаймен және іс жүзіндік талаппен тығыз ұштастырып, коммунистік партияның билік жүргізу заңдылығы, социалистік құрылыстың заңдылығы, адамзат қоғамының даму заңдылығы жөніндегі танымын тың тұрғыдан тереңдетіп, қажырлылықпен теориялық ізденіс жасап, келелі теориялық жетістіктерге жетіп, жаңа дәуір Қытай үлгісіндегі социализм идеясын қалыптастырды.

Си Цзиньпин жаңа дәуір Қытай үлгісіндегі социализм идеясы Қытай үлгісіндегі социализмге табанды болу және оны дамыту екенін, бас міндеті − социалитік модернизацияландыру мен Чжунхуа ұлтының ұлы гүлденуін жүзеге асыру, жаппай дөңгелек дәулетті қоғам орнату негізінде, 2 сатыға бөліп жүріп, үстегі ғасырдың орта шеңінде елімізді бай, құдіретті, демократиялы, өркениетті, жарасымды, көрікті Социалистік модернизацияланған құдіретті ел етіп құрып шығу екенін айқындап берді; Жаңа дәуірдегі еліміз қоғамындағы басты қайшылық, ол халықтың күн сайын артып отырған тамаша тұрмысқа жету мен дамудың біркелкі, толық болмауы арасындағы қайшылық екенін, сондықтан халықты өзек ету сынды даму идеясына табанды болып, адамның жан–жақты жетілуін, жалпы халықтың бірге ауқаттануын үздіксіз жебеу керектігін айқындап берді; Қытай үлгісіндегі Социализм істерінің жалпы тұлғалық орналастыруы «Бесті−бір тұлғаландыру», стратегиялық орналастыруы «төртті− жаппай орындау» екенін айқындап, жол, теория, жүйе, мәдениет жөніндегі сенімді бекемдеуді баса дәріптеді; Реформаны жан-жақты жетілдірудің бас нысанасы–Қытай үлгісіндегі социалистік жүйені кемелдендіріп және дамытып, мемлекетті басқару жүйесі мен басқару қабылетін модернизацияландыруды ілгерілету екенін; Мемлекетті заңмен басқаруды жаппай ілгерілетудің бас нысанасы–Қытай үлгісіндегі социалитік заң – тәртіп жүйесін орнатып, социалитік заңмен басқарылатын мемлекет құру екенін; Партияның жаңа жағдайдағы армияны құдіреттендіру нысанасы−партияның қолбасшылығына бойсұнатын, жеңісті шайқас жүргізе алатын, стилі таңдаулы халық армиясын құрып, халық армиясын дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы армия етіп құрып шығу екенін; Қытайша ірі елдік дипломатияның жаңаша халықаралық қатынастың қалыптасуын жебеп, адамзаттың тағдырлас ортақ тұлғасын құруды ілгерілету керектігін; Қытай үлгісіндегі социализмнің ең мәндік ерекшелігі−Қытай коммунистік партиясының басшылығы екенін, Қытай үлгісіндегі социалитік жүйенің ең үлкен басымдығы−Қытай коммунистік партиясының басшылығы екенін, партия−ең жоғарғы саяси басшылық күш екенін айқындап, жаңа дәуірдегі партия құрылысының бас талабын ортаға қойып, саяси құрылыстың партия құрылысындағы маңызды орнын көрнектілендірді.

Си Цзиньпин жаңа дәуір Қытай үлгісіндегі социализм идеясы−Марксизм - Ленинизмге, Мао Цзэдун идеясына, Дэн Сяопин теориясына және «Үшке өкілдік ету» маңызды идеясына, дамуға ғылыми көзқарасқа мұрагерлік ету және оны дамыту, Марксизмды Қытайшаландырудың ең жаңа жетістігі, партия мен халықтың іс жүзіндік тәжірибесі мен коллектив ақыл-парасатының жауһары. Қытай үлгісіндегі социализм теориялық жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі, бүкіл партияның, бүкіл ел халқының Чжунхуа ұлтының ұлы гүлденуін жүзеге асыру жолындағы күресінің әрекет бағдарламасы, оған ұзақ уақыт табанды болу және оны үздіксіз дамыту қажет. 2018 жылы наурыз айында, «Қытай Халық Республикасының конституцияына өзгеріс енгізу жобасы» мақұлданып, Си Цзиньпин жаңа дәуір Қытай үлгісіндегі социализм идеясының мемлекеттің саяси және қоғамдық өміріндегі жетекші орыны тұрақтандырылды.     

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото