Тағдырлас ортақ тұлға

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 29 қазан

Партия XVIII-ші құрылтайының баяндамасында, «Тағдырлас ортақ тұлға» дегенді Қытай мен дүние жүзінің ынтымақтастық орнату, тең игіліктену қатынасын жүзеге асыруды жебейтін көзқарас ретінде айқын атап көрсеткен болатын. Содан кейін, «Тағдырлас ортақ тұлға» біртіндеп Қытай дипломатиясындағы өзекті көзқарастарының біріне айналды, әрі «Бір белдеу – бір жол» құрылысының маңызды нысанасы болды. Төраға Си Цзиньпин айтқандай, бір ел өзін дамытамын десе, басқа елдің де дамуына мүмкіндік беруі; Өзінің амандығын сақтаймын десе, басқа елдің де амандығын ойлауы; Өз күйін жақсартамын десе, басқа елдің де қамын ойлауы керек. «Тағдырлас ортақ тұлға» сынды рух пен Чжунхуа өркениетінде―ішкі бірлікті сақтау, жалпылық идеяны дәріптеу, бірлікте өмір сүру, бірлікте гүлденуді ардақтау сынды қатынас сақталған болып, баянды беибітшілік пен ортақ гүлдену жолында талпынады. Бір елдің тағдыры сол елдің халқының қолында болуы, дүниенің болашақ тағдырын, сөз жоқ, барлық ел бірлікте меңгеруі тиіс, өз елінің мүддесін көздеумен бірге, өзге елдің мүддесін де ойластыруы, өз даму жолын қарастырумен бірге, өзге елдің дамуына да назар аударуы тиіс. «Бір белдеу – бір жол» құрылысының астарында жақтан «Тағдырлас ортақ тұлға» сынды бұл идея ― Қытай елі мен дүние қатынасының болашағына деген суреттеуі деуге де болады. «Бір белдеу – бір жол» аясындағы тағдырлас ортақ тұлға болу үшін, ауелі мүдделес ортақ тұлға мен жауапкершіл ортақ тұлға болу тиіс. Мұнда бір жағынан, экономика мен сауда және қаржыландыру саласында мүдде түйіндерін үздіксіз кеңейтіп, экономиканың бір-бірін толықтыру сипатын дамудың көмекші күшіне айналдыру керек. Енді бір жағынан, әрқайсы ел халықаралық қиын мәселелерді шешу міндетін бірге арқалаулары, селбесіп, тең игіліктенудің ынтымақтастық жүлгесін бірлікте қалыптастырулары керек.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото