Сыртқы істер министрлігі: Кешенді келісімнің тиімді жүзеге асырылуы Иранның ядролық мәселесін шешудің бірден-бір дұрыс жолы

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 2 қараша

2 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ван Вэньбин 1 қарашада кешенді келісімнің тиімді жүзеге асырылуы Иранның ядролық мәселесін шешудің бірден-бір дұрыс жолы болады деп мәлімдеді. Қытай келіссөздер жөніндегі келісімді тезірек қалпына келтіруді табанды түрде қолдап, тиісті тараптармен тығыз байланыста болуды және келіссөздерге сындарлы қатысуды жалғастырады.

Сол күнгі кезекті баспасөз мәслихатында тілші былай деп сұрады: «Хабарларға қарағанда, 30 қазанда АҚШ президенті Байден, Германия канцлері Меркель, Франция президенті Макрон және Ұлыбритания премьер-министрі Джонсон кездесуден кейін бірлескен мәлімдеме жасап, барлық тараптар Иранның ядролық келісімінің орындалуын қалпына келтіру туралы келісімге тезірек қол жеткізуге және оны жүзеге асыруға болады деп санады. Иранды келісімді қалпына келтіру бойынша келіссөздерді мүмкіндігінше тезірек аяқтауға шақырды. Тараптар бұл тұрғыда Ресей, Қытай және Еуропалық Одақпен өзара жұмысты тығыз жалғастыруға уәде берді. Қытайдың бұл жөніндегі пікірі қандай?».

Ван Вэньбин: «Кешенді келісімнің тиімді жүзеге асырылуы Иранның ядролық мәселесін шешудің бірден-бір дұрыс жолы болып табылады. Қытай келісім-шартты мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіруді табанды түрде қолдайды»,- деді. Қазіргі ирандық ядролық дағдарыстың бастамашысы болған АҚШ Иранға қарсы «шектен тыс қысым көрсету» қате саясатын толығымен түзетуі керек, Иран осы негізде кешенді келісімді қалпына келтіре бастайды. Ал, қалған барлық тараптар осы мәселеде сындарлы рөл атқаруы керек.

Ван Вэньбиннің айтуынша, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында келісімді қалпына келтіру жөніндегі келіссөздердің алты отырысы маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізді. Барлық тараптар келіссөздерді мүмкіндігінше тезірек қайта бастап, түйіткілді мәселелердің икемді және прагматикалық шешу жолдарын іздеп, жаңа серпілістерге ұмтылуы керек. "Қытай тиісті тараптармен тығыз байланыста болып, келіссөздерге мақсатты түрде қатысады. Сонымен бірге, біз де заңды құқықтарымыз бен мүдделерімізді берік ұстанамыз".

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото