Гуансидегі теңіз арқылы өтетін ең ұзын көпір құрылысы аяқталыды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 3 қараша

3 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Бірнеше күн бұрын Гуансидегі (еліміздің оңтүстігінде) ең ұзын теңіз көпірі, Тиешангаң портының теңіз арқылы өтетін көпірінің оң жаңа көпірі сәтті аяқталып, көлік қатынай бастады.

Тиешангаң порты жаңа көпірінің жалпы ұзындығы 4279 метр, бұл Гуансиде салынып жатқан көлік жолы ең көп, әрі ең ұзын теңіз көпірі. Көпірде көлік толығымен қатынағаннан кейін Бейхай, Фанчэнган, Цинчжоу және Тонкин шығанағындағы теңіз жағалау қалаларынан Чжу Цзян өзенінің атырауына дейінгі құрлықтағы тасымалдау мүмкіндігін одан әрі арттырып, Гуанси үшін жаңа құрлық-теңіз арнасына айналады деп күтілуде. Сонымен қатар Гуансимен АСЕАН және Гуандун-Сянган-Аомэнь Үлкен шығанағы аймағы үшін ең қолайлы қатынас жолдарының бірі болды.

Тиешангаң портының теңіз арқылы өтетін көпірі Гуансидің Хепу ауданы мен Гуандуннің Ляньцзян қаласының түйіскен жеріне жақын. Ол Тиешанган портын қиып өтеді. Бұл Цинбей-Бейхай жоғары қарқынды тасжолын қайта құру және кеңейту жобасының ішіндегі негізгі басқару сипатты жобасы. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото