Өңірлік жан-жақты экономикалық әріптестік туралы келісім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 4 қараша

4 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Сауда министрлігінің қарашаның 3-і күнгі хабарына қарағанда, Өңірлік жан-жақты экономикалық әріптестік туралы келісім (RCEP) 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Мәліметтерге сәйкес, RCEP Депозитарий АСЕАН Хатшылығы 2-нші қараша күні хабарлама жариялап, Бруней, Камбоджа, Лаос, Сингапур, Таиланд және Вьетнам сынды алты АСЕАН-ның мүше елдері және Қытай, Жапония, Жаңа Зеландия мен Австралия сынды төрт АСЕАН-ға мүше емес елдері АСЕАН Бас хатшысына ресми түрде мақұлдау хатын тапсырып, келісім күшіне ие болу шегіне жеткенін айтты.

Келісім шарттарына сәйкес, RCEP жоғарыда аталған он ел үшін 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

RCEP ресми түрде 2020 жылдың 15 қарашасында қол қоятын болады. Қазіргі уақытта халқы, экономикасы және сауда жағынан дүние жүзіндегі жалпы көлемнің шамамен 30%-ын құрайтын 15 мүше мемлекет бар. Бұл әлемдегі ең ірі еркін сауда аймағы. Келісімнің күшіне енуі өңірдегі еркін сауданы одан әрі ілгерілету, өнеркәсіптік тізбектің жеткізу тізбегін тұрақтандыру және Қытайдың жоғары деңгейде ашылуын ілгерілетуде үлкен мәнге ие.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото