Си Цзиньпин: Қытай жоғары деңгейдегі ашықтықты мызғымай ілгерілетеді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 5 қараша
Си Цзиньпин: Қытай жоғары деңгейдегі ашықтықты мызғымай ілгерілетеді

5 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР төрағасы Си Цзиньпин 4 қараша күні кеште бейне арқылы 4-інші кезекті Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылу салтанатына қатысып, маңызды баяндама жасады.

Си Цзиньпин Қытайдың жоғары деңгейдегі ашықтықты бұлжытпай ілгерілететінін баса айтты. Қытай шетелдік инвестицияларға қол жеткізудің теріс тізімін одан әрі қысқартып, телекоммуникация және медициналық қызмет көрсету сияқты салалардағы ашықтықты жүйелі түрде кеңейтеді. «Шетелдік инвестицияларды ынталандыратын салалар каталогын» қайта қарап, кеңейтіп, еркін сауда сынақ аймағындағы трансшекаралық қызмет саудасының теріс тізімін енгізеді. Қытай жасыл және төмен көміртекті, цифрлық экономика сияқты халықаралық ынтымақтастыққа белсенді қатысып, сонымен қатар «Жан-жақты және прогрессивті Транс-Тынық мұхиты серіктестігі туралы келісімге» және «Цифрлық экономика серіктестігі туралы келісімге» қосылуға ынталандыруға дайын.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото