Қытайдың көрнекті фильмдері Қазақстанда жақсы бағаланды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 5 қараша
Қытайдың көрнекті фильмдері Қазақстанда жақсы бағаланды
Телехикана - "Юньнан құрт алқабы"

5 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Қазақстандағы елшілігі мен «Алматы» телеарнасы бірлесіп ұйымдастырған екінші қазақстандық қытай киносы айлығы сәтті аяқталды. Қазақстанда Қытайдың жеті фильмі көрерменмен жүздесті. «Бір белдеу, бір жол» бірлескен жобасы аясында Қытай мен Қазақстанның кино және телевидение ынтымақтастығы мен мәдени алмасулары жаңа деңгейге көтерілуде.

Қытайдың Қазақстандағы елшілігінің хабарлауынша, өткен жылғы алғашқы талпыныс пен табыстың негізінде биылғы Қытай киносы айлығы «Юньнан құрт алқабы» және «Жылы құшақ» сияқты 7 тамаша фильмді таныстырды. Көрермендер саны тұрақты өсіп, бірте-бірте қазақ халқының мәдени өміріндегі жаңа қытайлық элементке айналды.

«Алматы» телеарнасының маркетинг жөніндегі директоры Әсел Рамаданова журналистерге берген сұхбатында тақырыпқа бай және шебер түсірілген фильмдер әр демалыс күндері кешкі прайм-таймда көрсетіліп, көпшіліктің қошеметіне ие болғанын айтты. Таратыла бастағаннан кейінгі алғашқы фильмнің рейтингісі 4,2%-ға жеткен.

Өткен жылдың шілде айынан бастап Қытайдың Алматыдағы Бас консулдығының және Қазақстанның «Бүгінгі Жібек жолы» газетінің көмегімен КТК телеарнасында «Қайран қарттар», «Сен мықтысың, тек алға!» сияқты қытай телехикаясының қазақша аудармасы таратыла бастады.

Соңғы жылдары Қытай-Қазақстан тарабы бірлесіп «Музыкант» көркем фильмін, «Сәлем, Қазақстан» деректі фильмін түсіруден бастап, телехикаяларды көрсету мен трансляциялау және кинофестивальдер өткізуге дейін, «Бір белдеу, бір жол» бірлескен жобасы аясында Қытай-Қазақстан кино және телевидение ынтымақтастығы мен мәдени алмасулар одан әрі тереңдей түсті.

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо Қытай мен Қазақстан халқы ежелден бір-бірімен көршілес өмір сүріп келе жатқанын, 1700 шақырымнан астам ортақ шекара екі жақтың мыңдаған жылдар бойы өзара қарым-қатынаста болған терең достығын қамтып жатқанын айтты. Індет басталғаннан бері екі жақ онлайн алмасуды және басқа да жаңа байланыс форматтарын белсенді түрде кеңейтіп, фильмдер мен телехикаяларды аудару және тарату сияқты мәдени ынтымақтастықты нығайтты. Өткен жылы елшілік онлайн қытайлық жазғы лагерь, «Бір белдеу, бір жол» қысқа бейнебайқауы, қытайша әндер байқауы сияқты онлайн мәдени шараларды өткізді. Қазақ телевизиясы «Ухань 24 сағат» сияқты деректі фильмдерді аударып, қытайлық фильмдер мен телехикаяларды көрсетіп, қазақ көрермендерінің ыстық ықыласына бөленді. Биыл Қытайда «Абы күні» сынды қазақ мәдени іс-шаралары тамаша ұйымдастырылды, сол сияқты жақында Қазақстандағы Қытай тілі байқауы да сәтті өтті. Сондай-ақ қазақ балалары «ШЫҰ-ның кішкентай мәдениет елшілері» және «Сюжет жұлдыздары» атақтарымен марапатталып, Қытай - Қазақстан достығының және ШЫҰ отбасының жас жаршылары болды.

Қытай киносы айлығының аудармасына жауапты қазақ аудармашысы Ертай Нүсіпжанов журналистерге «Қытай фильмі айлығы», «Қытай әні қысқа бейнебаяндары» байқауының Қазақстанда өтуі мәдени алмасуды тереңдетудің маңызды шарасы екенін жеткізді. Қазақ халқы Шығыстағы көрші елдерге үлкен қызығушылық танытып, қытай халқының алуан түрлі өмір салтын, үнемі жаңаланып отыратын рухани дүниетанымын тануға ұмтылады. Қазіргі уақытта қазақ халқының Қытайға деген көзқарасы әлі де болса жеткілікті деңгейде емес. Қазақстан мен Қытай «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында кино және телевидение, мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету арқылы екі тарапты көпірлер орнықтыруда. Бұл екі ел арасындағы өзара түсіністікке, халықтар жүрегінің тоғысуына септігін тигізбек. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото