Қыс басы амалы

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 8 қараша

8 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қыс қытай тілінде «Аяқтау» деген мағынаны, ол егінді жинап алғаннан кейін «Сақтау керек» дегенді білдіреді. Сонымен қатар Қытай қыс басы амалын қыстың келуі деп санайтын болған.

Ежелгі Қытай ауылшаруашылық қоғамында болды, онда адамдар бір жыл бойы жұмыс істеп, тек күзгі жиын-теріннен кейін ғана қолдары босап, бір жылдық өнімдерімен өздерін марапаттайтын болған.

 

Қыс басы – бір жыл бойы тер төгіп еңбек еткен бұқараларды марапаттау күні ғана емес, сонымен бірге тасаттық берудің маңызды мерекесі.

Хань және Вэй әулеттері кезінде қыс басы күні император өзінің шенеуніктерімен бірге қысқы ауа-райын қарсы алып, ел үшін қаза тапқан құрбандар мен олардың отбасыларына құрмет көрсетіп, жанашырлық білдіріп, халықты жау шапқыншылығына қарсы тұруға шақыратын болған.

Қытай халқында қыстың басында ата-бабаға табыну, қонағасы беру сияқты әдет-ғұрыптар да бар. Адамдар сол күні тамаша өнімдерінен дастархан әзірлеп, ата-баба рухына тасаттық берген. Сөйтіп олар перзенттік борыштары мен жауапкершіліктерін өтеп, тәңірден алдағы жылдарға мол өнім беруді тілеген.

Қыс басы амалы күз бен қыстың өларасында болатындықтан, Қытайдың солтүстігінде сол күні тұшпара жеу дәстүрі бар.

Қытайдың дәстүрлі мәдениетінде қыста денсаулықты сақтауға баса назар аударады және бұл нәрлі тамақтанудың ең жақсы уақыты болып саналған. Қыс басы амалынан кейін күн барған сайын суытады. Осы кезде қол-аяғы тоңып, суықтан қорқатын адамдар суықты айдайтын қуатты азықтықтарды көбірек жеу керек. Мысалы қой еті, сиыр еті, тауық еті, асшаян, қытай пиязы, қасқыр жидек және жаңғақ сияқты тағамдардарды көбірек тұтынған жөн.

Қыста дұрыс дене шынықтыру жаттығуларын жасаумен қатар, суықтан сақтанып, денені жылы ұстау, еңбек ету уақыты мен демалысқа да мән беруіміз керек. Үй ішінде жоғары температурадағы жылытуды қосуға болмайды. Үй іші мен сыртқы температура арасы тым алшақ болмағаны дұрыс. Тізе буындары, бас және мойын, иық сияқты дененің суыққа ерекше сезімтал кейбір бөліктерін жылы ұстау керек.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото