Алғашқы 10 айда еліміздің импорты мен экспорты 30 триллион юаньнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 8 қараша

8 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Бас кеден басқармасы 7 қарашада мәліметтеріне сәйкес, үстіміздегі жылдың алғашқы 10 айында еліміздің тауар саудасының жалпы импорттық және экспорттық құны 31,67 триллион юань болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22,2%-ға, 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,4%-ға өсті.

Қазан айына қарасақ, еліміздің импорты мен экспортының жалпы көлемі 3 триллион 340 миллиард юань болып, алдыңғы айдағыдан 5,6 паиызға кемігенімен, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,8 пайызға артты, ал 2019 жылғы ұқсас кезеңнен 23 пайызға өсті.

Деректер жеке кәсіпорындардың импорт пен экспорттың ең жылдам өсу қарқынына ие екенін және олардың үлес салмағының артқанын көрсетеді. Алғашқы 10 айда жеке кәсіпорындардың импорты мен экспорты 15,31 триллион юань болып, 28,1 пайызға артып, еліміздің жалпы сыртқы сауда құнының 48,3 пайызын құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайыздық тармаққа өсті.

Сауда серіктестеріне келетін болсақ, аталған кезеңде еліміздің төрт негізгі сауда серіктестері АСЕАН, ЕО, АҚШ және Жапонияға импорты мен экспорты тиісінше 4,55 триллион, 4,34 триллион, 3,95 триллион және 1,98 трлн-ді құрап, әрқайсысы тиісінше 20,4%, 20,4%, 23,4% және 10,8%-ға өсті. Ұқсас кезеңде еліміздің «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдерге импорты мен экспортының жалпы көлемі 9,3 триллион юань болып, 23 пайызға артты.

Қандай тауарлар экспортталады? Статистика көрсеткендей, алғашқы 10 айда еліміз 10 триллион 300 миллиард юань механикалық және электрлік өнімдер экспорттап, 22,4 пайызға артып, жалпы экспорт құнының 58,9 пайызын құраған. Оның ішінде экспортталған көліктер (шассиді қосқанда) 179,87 миллиард юань болып, 111,1%-ға өсті.

Импорт бойынша темір рудасының, шикі мұнайдың, сояның және басқа да тауарлардың импорт көлемі азайып бағасы қымбаттады, ал көмір мен табиғи газдың импорт Көлемі де, бағасы да көтерілді. Осы кезеңде темір рудасы, шикі мұнай және соя импорты 4,2%, 7,2% және 5% төмендеп, орташа импорттық бағалар 61%, 35,6% және 30,2% артты; Импортталған көмір мен табиғи газ көлемі 1,9%, 22,3% -ға жоғарылады және орташа импорттық бағалар сәйкесінше 27,1% және 11,2% -ға өсті. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото