«Қос 11» де мұз және қар туристік өнімдері бір жылмен салыстырғанда 206%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 8 қараша

8 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Ауа-райы бірте-бірте суытып, қысқы Олимпиада ойындары жақындаған сайын мұз бен қардағы саяхаттың танымалдылығы тұрақты түрде артып келеді.

4 қарашада Fliggy онлайн туристік платформасы жариялаған мәліметтерге сәйкес, шаңғы турлары, қар ауылы турлары және басқа да мұз және қар туризмі өнімдеріне «Қос 11»(11қараша күні) кезеңіне тапсырыс беру бір жылмен салыстырғанда 206%-ға өсті. Кейбір танымал мұз және қар туризмі өнімдеріне берілген тапсырыстар 100 000-ға жуықтады. «Шаңғы + арасан» сындыларға берген тапсырыстар саны бір жылмен салыстырғанда 8 есеге өсті. Мұз және қар туризміне байланысты тауарлар, мысалы, ауылдық салт-дәстүрлер, отбасылық қызықты турлар, шаңғы тебуді үйрету сынды тауарларға сұраныс та айтарлықтай өсті.

«Миюань Гэнтин Парадайз» маркетинг орталығының бас менеджері Чжан Сюгуан қысқы Олимпиада ойындарының әсерінен мұз және қар спортына жастардың қызығушылық танытып көптеп қосылып жатқанын айтты: «Қазіргі таңда 20-40 жас аралығындағы жас тұтынушылар 70% астам адамды құрайды»-,деді.

Туристер қайнар көзіне қарағанда, оңтүстік тұрғындары мұз және қар туризміне ынталы. Fliggy мәліметтері бойынша «Оңтүстіктік тұрғындардың» мұз және қар туристік өнімдерге тапсырыстары 70% -дан астамы үлесті ұстайтынын көрсетеді.

Бағыттарға қатысты Fliggy деректері көрсеткендей, «Қос 11» кезеңіндегі ең танымал мұз және қар туризмі бағыттарының ішінде бірінші бес қала: Чанбайшан тауы, Чжанцзякоу, Уси, Харбин және Гуанчжоу. Олардың ішінде Цзилиньдегі Чанбайшан тауы, Хэйлунцзяндағы Ябули және Хэбэйдегі Чонли сияқты ашық тау шаңғысы курорттарына тапсырыстар жылдам өсті, әрі жұрттың назарын аудара түсті. Уси, Гуанчжоу, Чунцин және басқа жерлердегі жабық тау шаңғысы курорттары мен қар әлемдері де мұз бен қар спортының әуесқойларының баратын жеріне айналды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото