«Шэньчжоу-13» ғарыш кемесіндегі ғарышкерлер экипажы тұңғыш рет кабинадан шығу әрекетінің жоспарланған барлық миссияларын сәтті орындады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 8 қараша

8 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың ғарыштық инженерлік кеңсесінің мәліметі бойынша, Бейжің уақытымен 8 қараша күні сағат 1:16-да «Шэньчжоу-13» ғарыш кемесінің ғарышкерлер экипажы 6,5 сағатқа жуық кабинадан шығу қимылы кезінде тығыз байланыста жұмыс істеп, бұл әрекеттің жоспарланған барлық тапсырмаларын сәтті орындады. Экипаж мүшелері Чжай Чжиган мен Ван Япин «Тяньхэ» өзекті кабинасына аман-есен оралды және олардың кабинадан шығу әрекеттері толық сәтті өтті.

Бұл Қытайдың ғарыштық инженерлік станциясы фазасындағы үшінші рет орындалған ғарышкерлердің кабинадан шығу әрекеті, әрі «Шэньчжоу-13» ғарыш кемесіндегі ғарышкерлер экипажының бірінші рет кабинадан шығу және Қытайдың ғарыш тарихындағы әйел ғарышкердің қатысуымен атқарылған тұңғыш кабинадан шығу әрекеті. Ғарышкердің кабинадан шығу іс-әрекеті кезінде ғарыш пен жердегі, кабинаның іші мен сыртындағы қызметтер сәйкесе отырып, робот қолының аспасы мен адаптерлерін орнату, кабинадан тыс әдеттегі әрекеттерді сынау сияқты тапсырмалар орындалды. Әрекеттің барысы толығымен сәтті аяқталды. Сөйтіп еліміздің кабина сыртындағы жаңа буын ғарыштық скафандрының функционалдық көрсеткіштері, ғарышкерлер мен роботтық аспаптардың бірге жұмыс істеу қабілеті және кабинадан тыс әрекеттерге байланысты тірек жабдықтарының сенімділігі мен қауіпсіздігі тексерілді.

Бұл 8 қараша күні Бейжің аэроғарыштық ұшуларды басқару орталығы түсірген «Шэньчжоу-13» ғарыш кемесіндегі ғарышкер Чжай Чжиганнің кабинадан шығу міндетін жаңа ғана аяқтап шықққандағы фотосы.

Бұл 7 қараша күні Бейжің аэроғарыштық ұшуларды басқару орталығы түсірген «Шэньчжоу-13» ғарыш кемесіндегі ғарышкер Чжай Чжиган мен Ван Япиннің кабинаның сыртында бірге жұмыс жасап жатқан сәтінен көрініс.

Бұл 8 қараша күні Бейжің аэроғарыштық ұшуларды басқару орталығы түсірген «Шэньчжоу-13» ғарыш кемесіндегі ғарышкер Чжай Чжиганнің кабинадан шығу міндетін аяқтағаннан кейін қол бұлғап тұрған фотосы.

Бұл 8 қараша күні Бейжің аэроғарыштық ұшуларды басқару орталығы түсірген «Шэньчжоу-13» ғарыш кемесіндегі ғарышкер Ван Япиннің (оң жақта)кабинадан шығу міндетін аяқтаған кездегі фотосы.

Бұл 7 қараша күні Бейжің аэроғарыштық ұшуларды басқару орталығы түсірген «Шэньчжоу-13» ғарыш кемесіндегі ғарышкер Чжай Чжиган мен Ван Япиннің кабинаның сыртында бірге жұмыс жасап жатқан сәтінен көрініс.

Бұл 8 қараша күні Бейжің аэроғарыштық ұшуларды басқару орталығы түсірген «Шэньчжоу-13» ғарыш кемесіндегі ғарышкері Ван Япиннің (оң жақта)кабинадан шығу міндетін аяқтаған кездегі фотосы.

 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото