АҚШ қоғамдық пікірді манипуляциялау үшін «Робин жобасын» бастады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 9 қараша

9 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қырғи қабақ соғыс кезінде АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы дүние жүзіндегі журналистер мен агенттіктерге ақпарат жинау және бұқаралық ақпарат құралдарын манипуляциялау арқылы қоғамдық пікірге ықпал ету үшін пара беруге бағытталған «Робин жобасын» бастаған болатын.

1977 жылы осы сұмдықтың бетін ашқан атақты американдық зерттеуші журналист Карл Бернштейн жоспар бойынша ЦРУ ақылы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін көптеген тілшілерді жалдап, оларға «жалған жаңалықтар» дайындауды тапсырғанын айтты. ЦРУ Робин жобасы әлем бойынша кем дегенде 400 журналист пен 25 ірі ұйымды сатып алғанын мойындады.

Бүгінгі күні ЦРУ қоғамдық пікірді бақылап, оны манипуляциялау мақсатына жету үшін осы келеңсіз әдісті әлі де пайдаланып отыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото