Америка Құрама Штаттары басқа елдерге әскер жіберуге сылтау іздеу үшін жоспарлаған «Солтүстік орман» жобасы

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 10 қараша
Америка Құрама Штаттары басқа елдерге әскер жіберуге сылтау іздеу үшін жоспарлаған «Солтүстік орман» жобасы

10 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 1959 жылы Фидель Кастро бастаған көтерілісшілер Кубадағы американшыл диктатураны құлатып, революциялық үкімет құрды. АҚШ үкіметі Фидель Кастроны биліктен кетіру үшін қолдан келгенінің бәрін жасады.

«Солтүстік орман»(Northwoods)жоспары 1997 жылы әшкереленді. Оның негізгі мәні Америка Құрама Штаттары өз әскерилері мен бейбіт тұрғындарына қарсы бірқатар «Террорлық шабуылдар» ұйымдастырып, мұны Куба үкіметінің мойнына артып, осылайша Америка Құрама Штаттары Кубаға басып кіруіне жол ашпақшы болады. «Солтүстік орман» жоспарына американдық ұшақтарды барымталау және атып түсіру, американдық кемелерді жарып қопарып тастау және америка қалаларындағы зорлық-зомбылық террорлық шабуылдарды жоспарлау кіреді. Бақытқа орай, бұл жоспарлардың ешқайсысы түпкілікті мақұлдауды алған жоқ.

Ол өзінің гегемониясын сақтап қалу үшін өзіне қарсы «Террорлық шабуыл» жоспарын құрудан тартынбай, сол арқылы сыртқы әлемге қарсы соғыс жүргізуге халықтан қолдау тапты. Бұндай шектен шығатын тәсіл өте жиіркенішті болып табылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото