Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 3,5%-ға өскен

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 10 қараша
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 3,5%-ға өскен

ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев биылғы 10 айдағы Қазақстанның экономикалық дамуын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы қаңтар-қазан айларында Қазақстан экономикасының өсу көрсеткіші 3,5%-ды құрады. Осы кезеңде негізгі трендтер бойынша қызмет көрсету секторындағы өсу қарқынының жеделдеуі, өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс салаларының экономиканың өсуі мен тұрақтылығының драйверлері болып қала беруі, экспорттың жоғары өсім динамикасы, өндіруші емес секторлардағы жоғары инвестициялық белсенділіктің сақталуы байқалды», - деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, биылғы қаңтар-қазанында нақты сектордағы өсім 2,9% құрады. Ал қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік 3,4%-ға дейін өсті.

«Салалар арасында ақпарат және байланыс, сауда, сумен жабдықтау, құрылыс, электрмен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі жоғары өсім көрсетуде», - дейді Ә. Ерғалиев. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото