АҚШ-тың «Бір белдеу, бір жолға» қарсы шарасы туралы Қытай: әлемдегі көпірлерді бұзу емес, қайта көпірлерды салу керек

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 11 қараша

11 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ван Вэньбинь 9 қарашада Бейжіңде Америка Құрама Штаттарының «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қарсы тұру үшін дүние жүзіндегі көптеген инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция салу жоспарына жауап ретінде, жаһандық инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық үшін мол кеңістік бар. Ендеше, бұл бастамалар бір-біріне бөгет болуы немесе бір-бірін ығыстыруы дұрыс емес. «Әлемдегі көпірлерді бұзу емес, қайта көпірлерды салу керек», - деді.

Журналист: «Байден әкімшілігі келесі жылдың қаңтарында жарияланатын Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қарсы тұруға бағытталған «Көрікті әлемді қайта құру» (B3W) жаһандық инфрақұрылымды қаржыландыру жоспарын іске қоспақшы. Жобада еңбек стандарттарын жоғарылату, климаттық факторларға көбірек көңіл бөлу және әйел кәсіпкерлерге көмектесу сияқты жобаларды қаржыландырып, Қытайдың ықпалына қарсы тұрмақшы. Бұған Сыртқы істер министрлігі не айтады»,- деп сұрады.

Ван Вэньбин былай деп жауап берді: «Бір белдеу, бір жол» бастамасының іске асып жатқан уақыттан бергі 8 жыл ішінде үнемі кең ауқымды кеңесу-ортақ кеңістік құру-ортақ бөлісу, ашықтық, жасыл аймақ пен тазалық, сондай-ақ жоғары стандартты халыққа қолайлылық сияқты сапалы даму тұжырымдамаларын ұстанды. Көптеген ынтымақтастық жобаларын құруға ықпал етті, елдер арасындағы өзара байланыс деңгейін нығайтты және бірлескен елдердің халқына нақты пайда әкелді. «Бір белдеу, бір жол» бұл күнде танымал халықаралық қоғамдық өнімге және ең үлкен ынтымақтастық платформаларының біріне айналды».

Ван Вэнбинь Қытайдың жаһандық инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық үшін мол кеңістік бар деп қарайтынын және әр тарапты үндес бастамаларда өзара бәсекелесу немесе бір-бірінің орнын басу мәселесі жоқ екенін атап көрсетті. «Әлем үшін көпірлерді бұзбай, керісінше оларды салу; байланысты ажыратпай, керісінше байланысты орнату; қол жетімсіз эксклюзивтің орнына өзара тиімді ортақ жеңіске жету керек».

«АҚШ әлемдегі барлық елдердің ортақ дамуы мен өркендеуіне жәрдемдесу үшін нақты әрекеттер жасайды деп үміттенемін», - деді Ван Вэнбин. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото