Си Цзиньпин APEC бизнес көшбасшылары саммитіне қатысып, негізгі баяндама жасады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 11 қараша

11 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңде өткен АТЭС бизнес көшбасшыларының саммитінде ұсыныс бойынша бейнебаян арқылы «Тұрақты дамуды табандылықпен жалғастыру, тағдыры ортақ Азия-Тынық мұхиты қоғамдастығын құру» атты негізгі баяндамасын жариялады.

Си Цзиньпин Қытайдың экономикалық дамуы әрқашан Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ынтымақтастық үдерісімен үйлесетінін баса айтты. Стратегиялық жоспарға сәйкес Қытай барлық жағынан дөңгелек дәулетті, гүлденген қоғамның құрылуына қол жеткізді және Азия-Тынық мұхиты аймағына үлкен мүмкіндіктер әкелетін жан-жақты социалистік заманауи елді құрудың жаңа сапарын бастады.

Қытай реформалар мен ашықтықты бұлжытпай алға жылжытып, Азия-Тынық мұхиты аймағының экономикалық дамуына күш қосады. Сонымен қатар жоғары стандартты нарықтық жүйенің құрылысын, маңызды салалар мен негізгі буындарды реформалаудың жаңа қадамын ілгерілетуге ынталы. Жоғары деңгейлі, институционалдық ашылым үлгісін жасап, бизнестік ортаның сабақтастығын оңтайландырады. Біртұтас, ашық және реттелген, бәсекеге қабілетті нарық жүйесін қалыптастырып, Қытай экономикасының ұзақ мерзімді дамуының негізін тұрақты нығайтып, сол арқылы Азия-Тынық мұхиты және жаһандық бизнес қауымдастықтарының Қытайға салған инвестициясын қорғауды қамтамасыз етеді.

Қытай жан-жақты жасыл түрлендіруді ілгерілетіп, Азия-Тынық мұхиты мен әлемдегі экологиялық өркениеттің құрылуына үлес қосады. Қытай елі экологиялық өркениет құрылысын белсенді түрде дамытып, климаттың өзгеруіне қарсы ұлттық стратегияны берік жүзеге асырып, төмен көміртекті түрлендіру мен халықтың өмір сүру қажеттіліктерін үйлестіреді және «көміртегі шыңы» мен «көміртекті бейтарап» мақсаттарға жоспар бойынша қол жеткізеді. Азия-Тынық мұхиты бизнес қауымдастығын жасыл даму болашағын құруға белсенді қатысуға шақырамыз.

Қытай ынтымақтастық негізінде ортақ жеңіске жету арқылы Азия-Тынық мұхиты экономикасының дамуына үлес қосуды қалайды. Шынайы көпжақтылықты ұстанып, жаһандық экономиканы басқаруға белсене араласып, ашық әлемдік экономика құрылысын ілгерілетеді. «Бір белдеу, бір жолды» жоғары сапамен бірлесіп құруды қолдауда табанды болып, жаһандық кедейлік үлесін азайту, азық-түлік қауіпсіздігі және дамуды қаржыландыру сияқты салалардағы ынтымақтастықты нығайтып, Азия-Тынық мұхиты экономикасының қалпына келуі мен тұрақты дамуына серпін береді және жаһандық дамудың ортақ болашағы бар қоғамдастығын құрады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото