Қысқы Олимпиада ойындарының жоғары сапалы мұз беті отандық және шетелдік ойыншылардың бірауыздан мақтауына ие болды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 11 қараша
Қысқы Олимпиада ойындарының жоғары сапалы мұз беті отандық және шетелдік ойыншылардың бірауыздан мақтауына ие болды

11 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында «Мұз таспасы» Ұлттық конькимен сырғанау стадионында «Бейжіңде кездесу» атты конькимен сырғанаудың Қытай ашық ойыны салтанаты өтті. Ондағы Жоғары сапалы мұз беті отандық және шетелдік ойыншылардың бірауыздан жоғары бағасына ие болды.

Көз алдымыздағы мұз беті туралы Ұлттық конькимен сырғанау стадионының жоқтан бар болуына куә болған, стадионды пайдалану тобының директоры У Сяонань мақтанышпен: «Бұл Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында қолданылған көмірқышқыл газын тікелей салқындату арқылы мұз жасау жүйесінің үшінші рет ресми мұз жасауы. Қытай мен шетелдік мұз жасаушылардың ынтымақтастығы барған сайын жақсарып, бар болғаны 10-ақ күннің ішінде жарыс өтетін жердегі мұзды дайын етті», - деді.

Ұлттық коньки тебу стадионының мұз алаңы шамамен 12 000 мың шаршы метрді құрайды. Экологиялық таза мұз жасаудың жаңа технологиясын пайдалану 1,2 миллионнан астам ағаш отырғызу нәтижесінде пайда болатын көміртегі шығарындыларын азайтуға тең келетін көміртегі шығарымын азайтты. Сонымен қатар, көмірқышқыл газын тоңазытқышты пайдалану арқылы мұз бетінің градусын 0,5 градус Цельсий ішінде сақтайды. Бұл спортшылардың сырғанау кезінде жақсы нәтижеге жетуіне қолайлы.

Ұлттық конькимен сырғанау стадионының пайдалану тобының директоры У Сяонань «Мұз таспасының» соңғы мақсаты жазықтағы «Ең жылдам мұз» болу екенін айтты.

«Ең жылдам мұзды» дайындау үшін мұз жасаушы Марк Мезер Канададан Қытайға келді. Алпысты алқымдаған шебердің 40 жылдан астам мұз жасау тәжірибесі бар. Ол 5 рет қысқы Олимпиада ойындары конькимен сырғанау алаңдарының мұз жасауына қатысқан. Көптеген қытайлық мұз жасаушылар Марктың командасына қосылып, кәсіби жағынан тез өсті. Осы жылдың сәуір айында «Мұз таспасы» екінші рет мұз жасауды бастағанда, Қытай командасы стадиондағы мұз жасау жұмыстарын өз бетінше аяқтау үшін 7 күн жұмсады.

Енді Фэн Гаң тіпті де сенімді бола түсті. Ол қысқы Олимпиада тәжірибесі барлығына халықаралық мұз жасау шебері арасындағы парықты сездіріп, ол ойыннан кейін де стадионның ұзақ мерзімге жұмыс жасауы үшін іскерлікті дамытып, таланттарды тәрбиелегенін айтты.

Сала мамандары үшін мұз жасау сүйікті өнер туындысын жарыққа шығарумен бірдей. Марк «Оқушыларды қабылдауға» және таланттарды дайындауға өте ынталы. Ол «Мен бұл жұмыспен 40 жылдан астам уақыт бойы айналысып келемін. Мұз жасау сын-сайыстарға толы күрделі іс, сондықтан бұл кәсіппен айналысатындар азайып барады», - деді. Қытайда қысқы спорт түрлерінің дамуына ілесе, жергілікті мұз жасаушылардың үміті де ұлғайып келеді. Бұл Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының маңызды мұрасы болмақ.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото