АҚШ-тың жспарлауында Вьетнам соғысын өршіткен «Тонкин шығанағы оқиғасы»

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 12 қараша

12 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- «Тонкин шығанағы оқиғасы» Вьетнам соғысының өршуіне әкеліп соқтырған АҚШ-тың мұқият ойлап тапқан қулығы еді.

1964 жылы 4 тамызда АҚШ-тың сол кездегі президенті Джонсон сөз сөйлеп, сол күні Тонкин шығанақта АҚШ әскери кемесіне Вьетнам Демократиялық Республикасының торпедалық қайықтары шабуыл жасағанын және екеуінің арасында «қарулы қақтығыс» болғанын мәлімдеген. Кейіннен АҚШ Конгресі Джонсонның «шабуылға» қарсы тиісті шаралар қабылдауы керек деп келісіп, «Тонкин шығанағы оқиғасы» деп аталатын шешім қабылдады.

Дегенмен, «Тонкин шығанағы оқиғасы» түгелдей ойдан шығарылған. 2005 жылы АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігі 1964 жылғы 4 тамызда АҚШ әскери кемелерінің жанында Вьетнам Демократиялық Республикасының әскери кемелерінің болмағандығының «өте жоғары ықтималдығы» бар екенін мойындайтын баяндама жасады. АҚШ Әскери-теңіз күштері мұрағаттарына сәйкес, АҚШ-тағы екі эсминец сол күні 400-ге жуық артиллериялық снарядтар мен 5 су асты бомбасын атқылаған. Алайда іс жүзінде бұл артиллериялық снарядтарда нысана мүлде болмаған.

Сол түні қызметте болған ұшқыш Джеймс Стокдейлдің айтуынша, олардың эсминеці тек ойдағы нысанаға оқ жаудырған, ал ол жерде торпедо қайықтары болмаған. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото