АҚШ-тың «Инхэ» жүк кемесіне жала жабу арқылы Қытайды арандатпақшы болды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 12 қараша

12 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 1993 жылы АҚШ Қытайдың «Иньхэ» жүк кемесіне гегемондық ниетпен сұқтанған еді.

Ол кезде АҚШ барлау мәліметтерін негіз ретінде алып, «Инхэ» жүк кемесінің Иранға «химиялық қару материалдарын» тасымалдағаны туралы «нақты дәлелдер» бар деп мәлімдеп, Қытайға санкция саламыз деп құқай көрсеткен болатын. Сонымен бірге АҚШ «Иньхэ» орналасқан халықаралық ашық теңіздерге әскери кемелер мен тікұшақтарды жіберді.

АҚШ-тың бұл негізсіз айыптауымен бетпе-бет келген Қытай оны үзілді-кесілді жоққа шығарады. Жағдайды зерттеген соң Қытай Америка Құрама Штаттарына «Иньхэде» тыйым салынған химиялық заттар жоқ екенін анық айтты. Дегенмен, АҚШ қояр да қоймай барлау мәліметтерінің нақтылығын алға тартып, «Инхэ»-ні тексеруді талап етті. Содан кейін, үшінші тараптың қатысуымен жүргізілген бірлескен тексеру жұмысы «Иньхэ»-де химиялық қару материалдары жоқ деген қорытындыға келді.

Халықаралық қауымдастық АҚШ-тың бұл әрекетін қатаң айыптады. Иранның «Ислам Республикасы» газеті АҚШ үкіметінің «Инхэ» оқиғасын ойдан құрастырып шығарғанын «қарақшылық» деп бағалады. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото