АҚШ «Террорға қарсы соғысты» көркемдей түсті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 15 қараша
АҚШ «Террорға қарсы соғысты» көркемдей түсті

15 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 2001 жылғы «11 қыркүйек» оқиғасынан кейін АҚШ қорғаныс министрлігі жалған ақпараттарды тарату және АҚШ-тың «Терроризмге қарсы соғысын» көркемдей түсу үшін шетелдегі үгіт-насихатқа жауапты «Стратегиялық ықпал ету кеңсесін» құрды.

«Стратегиялық ықпал ету кеңсесі» Пентагонмен нақты байланысы жоқ агенттіктер арқылы шетелдік БАҚ-қа ақпарат таратады, шетелдік журналистерге немесе жетекшілерге американдық көзқарастарды насихаттайтын және дұшпандық пиғылдағы елдер үкіметіне шабуыл жасайтын электрондық хаттар жібереді. Көп ұзамай кейбір американдық БАҚ Пентагонның бұл әдістерді шетелге, соның ішінде АҚШ-тыың жау елдері және олардың одақтастарына көптеген жалған ақпараттар жіберу үшін қолданғанын атап өтті.

Қоғамдық пікірдің орасан зор қысымымен, 2002 жылдың ақпанында АҚШ-тың сол кездегі қорғаныс министрі Рамсфельд кеңсенің жабылатынын жариялады. Алайда ол сонымен бірге АҚШ әскері соғыс кезіндегі үгіт-насихат жұмыстарынан бас тартпайды деп мәлімдеді. 2004 жылдың желтоқсанында «Нью-Йорк Таймс» газеті АҚШ Қорғаныс министрлігі басқа елдердегі адамдардың АҚШ-қа деген көзқарасына ықпал ету үшін ақпаратты қалай өңдеуге болатынын, оны әлі де талқылап жатқанын хабарлады.

АҚШ үкіметі қоғамдық ақпаратты бақылауға және оны өзінің соғыс мақсаттарына барынша пайдалануға тырысады. АҚШ соғысты бастаудың шынайы мақсатын жасыруға бар күшін салады және жалған үгіт-насихат арқылы «Әділдік пен бейбітшілік үшін» дейтін ұнамды бейнесін жасауға тырысады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото