«Даунинг-стрит меморандумы» соғыс өтірігін әшкереледі

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 16 қараша

16 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 2005 жылы 1 мамырда британдық «Sunday Times» британ үкіметінің ішкі кездесулері туралы құпия құжатты - Ирак соғысы басталуының ішкі тарихын ашатын «Даунинг-стрит меморандумын» жариялады.

«Меморандумда» британдық MI6-ның бұрынғы басшысы Ричард Дилловтың 2002 жылы Америка Құрама Штаттарына сапарынан кейін жасаған «нәтижелерді таныстыру» туралы жазылған.

Дилловтың айтуынша, Буш әкімшілігі Ирактағы Саддам режимін лаңкестікке қолдау көрсетеді және жаппай қырып-жою қаруына ие болуда деген күдікпен әскери әрекетке көшуге бел буған. Алайда АҚШ тарапы әскери әрекеттердің ықтимал салдарын талқылап та көрмеген.

2013 жылы «Нью-Йорк таймс» газеті Ирак соғысының басталуы әдейі жоспарланғанын, оған «Даунинг-стрит меморандумы» ең жақсы дәлел екендігі, Саддам режимінде жаппай қырып-жою қаруының болмағандығы және «9.11» оқиғасына еш қатысы жоқтығы туралы мақала жариялады. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото