Өткен 10 айда еліміздің шетелдік капиталды нақты пайдалануы 17,8%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 16 қараша

16 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші 15-і қараша күні Сауда министрлігінен ұғысқандай 2021 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында бүкіл ел бойынша шетел капиталын нақты пайдалану көлемі 943 миллиард 150 миллион юань болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,8%-ға өсті (банк, бағалы қағаздар мен сақтандыру салаларын қоспағанда).

Салалық тұрғыдан алғанда, қызмет көрсету саласында шетелдік инвестицияны нақты пайдалану 752 миллиард 520 миллион юань болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,3%-ға өсті. Жоғары технология салаларындағы шетелдік капиталдың нақты пайдаланылуы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,7%-ға өсті.

Дереккөз тұрғысынан қарайтын болсақ, «Бір белдеу - бір жол» бойындағы және АСЕАН-дағы елдердің нақты инвестициялар бір жылмен салыстырғанда сәйкесінше 30,7%-ға және 29,5%-ға өсті (еркін порттар арқылы салынған инвестициялар туралы деректерді қоса алғанда).

Аймақтық бөліну тұрғысы бойынша, еліміздің шығыс, орталық және батыс аймақтарында шетелдік капиталды нақты пайдалану бір жылмен салыстырғанда сәйкесінше 17,5%-ға, 29,8%-ға және 9%-ға өсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото