- Барлық ақпарат
Ли Кэцян: Қытай мен Африканың 2 миллиард 700 миллион халқы үшін жарқын болашақты бірге жасауы керек
16 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Премьер-министрі Ли Кэцян 16 қарашада Бейжіңде өткен Қытай-Африка жергілікті үкіметтерінің 4-інші ынтымақтастық форумына бейнекөрсетілім арқылы қатысып, сөз сөйледі.
Ли Кэцян Африканың үміт пен күш-жігерге толы құрлық екенін айтты. Қытай мен Африка ұзақ уақыт бойы бір-бірін қолдап, көмектесіп, мызғымас достық қарым-қатынаста болды. Төраға Си Цзиньпин мен Африка көшбасшылары ортақ болашағы мен өзара жақындығы бар Қытай-Африка қоғамдастығын құруды ұсынды. Екі тарап шынайы және тең қарым-қатынасты, ынтымақ пен өзара сенімді арттырып, бірлескен және тұрақты дамуға ұмтылып, нақтылы ынтымақтастықты кеңейтіп, Қытай мен Африканың 2 миллиард 700 миллион халқы үшін жарқын болашақты бірге жасауы керек.
Ли Кэцян Қытай Африканың қажеттіліктерін ескеріп, халық денсаулығының мықты қорғаныс желісін құру үшін Африкаға вакциналар мен эпидемияға қарсы құралдар жағынан көмектесуді мүмкіндігінше арттыруға дайын екенін атап өтті. Даму стратегияларын теңестіруді тереңдетіп, екі жақтың берік экономикалық өзара өркендеуі мен өнеркәсіптердің үйлесімділігін одан әрі сабақтастырып, сапа мен тиімділікті арттыру үшін прагматикалық ынтымақтастықты дамытатын болады. Жергілікті ынтымақтастықтың саны мен сапасын жақсартуға жәрдемдесіп, қалаларды басқару, кедейлікті жою, әлеуметтік құрылым мен ауыл шаруашылығын жаңғырту бойынша тәжірибе алмасуды күшейтеді, сондай-ақ достасқан қалалар арасындағы ынтымақтастыққа басымдық береді. Дамушы елдердің ортақ мүдделерін қорғау үшін әрқашан өзара құрмет, тең қарым-қатынас, ынтымақты серіктестік пен достық дәстүрін ұстанып, көпжақтылықты қуаттап, өзара негізгі мүдделер мен басты мәселелерде бір-бірін қолдайды.
Ли Кэцян Қытай-Африка ынтымақтастығының тамыры халықта, қайнары өзара алмасуларда екенін айтты. Қытай мен Африканың жергілікті ынтымақтастығы неғұрлым тығыз болса, Қытай-Африка бірлігінің негізі соғұрлым нығайып, Қытай мен Африка халқының достығы тереңдей түседі. Екі жақтың бірлескен күш-жігерімен Қытай мен Африканың жергілікті үкіметтерінің ынтымақтастығының келешегі зор болады және ол көп нәрсеге қол жеткізуге міндетті.
«Болашағы ортақ Қытай-Африка қоғамдастығын құру — Қытай-Африка жергілікті үкіметтерін біріктірудің, ынтымақтастық пен өзара дамудың негізі» тақырыбындағы Қытай-Африка жергілікті үкіметтерінің 4-інші ынтымақтастық форумына Африкалық саясаткерлерден, Орталық Африкадағы жергілікті үкімет өкілдерінен және тиісті мекеме басшыларынан барлығы 300-ге жуық адам онлайн және офлайн режимде қатысты.
people.cn © People's Daily Online