АҚШ жек көрушілік пен соғысты өршіту үшін «инкубатор оқиғасын» ойлап тапты

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 17 қараша

17 қараша, онлайн «Халық Газеті» --1990 жылдың қазан айында АҚШ барлау агенттігі америкалықтардың Иракқа қарсы ашуын тудырып, Парсы шығанағы соғысын күшейткен «Инкубатор оқиғасын» ойлап тапты.

"Мен ирактық сарбаздардың аурухана палатасына мылтықпен баса көктеп кіргенін көрдім. Инкубаторда 15 сәби болған. Олар сәбилерді инкубатордан шығарып, суық жерге жатқызып жанынан айырды". Сол кезде АҚШ конгресінде өзін «кувейттік еріктімін» деген 15 жасар қыз көзіне жас алып ирак әскерлерін айыптады.

Бұл хабарды американдық ақпарат құралдары кеңінен таратып, Америка халқының Иракқа қарсы ашуын тудырды. Американдық саясаткерлер бұл «трагедияны» үнемі тебіреніп айтып отырды. Британдық хабар тарату корпорациясының хабарлауынша, АҚШ-тың сол кездегі президенті Джордж Буш Америка Құрама Штаттарының Парсы шығанағы соғысына қатысу үшін әскер жіберуінің себебі ретінде бұл айғақты кем дегенде алты рет жария етті.

Артынша АҚШ Конгресі Иракқа қарсы соғыс жариялау туралы қарарды мақұлдап, Парсы шығанағы соғысы басталды. Алайда, соғыс біткен соң кейбір америкалық БАҚ «Инкубатор оқиғасын» АҚШ ойлап тапқан өтірік екенін әшкереледі. Кувейт медицина қызметкерлері де «кувейт еріктісін» жоққа шығарды.

«Инкубатор оқиғасы» американдық саясаткерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының орындауындағы қойылымнан басқа ештеңе емес. Олар қоғамдық пікір арқылы халықтың қуанышын, ашуын, сүйіспеншілігін, жеккөрушілігін тек қана саяси мақсаттарына жету үшін қолдан жасады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото