Монополияға қарсы ұлттық бюро ресми тізімге енгізілді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 18 қараша
Монополияға қарсы ұлттық бюро ресми тізімге енгізілді

18 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 18 қарашада Бейжіңде Мемлекеттік монополияға қарсы бюро ресми түрде Мемлекеттік нарықты қадағалау және басқару басқармасының кеңсе ғимаратында тіркелді.

2008 жылдың 1 тамызында еліміздің «Монополияға қарсы заңы» ресми түрде жүзеге асырылды. Мемлекеттік кеңес Монополияға қарсы комитет құрды. 2018 жылғы институционалдық реформаға дейін монополияға қарсы жұмыстың өкілеттіктері үш департаментке, атап айтқанда, Өнеркәсіп және сауда мемлекеттік басқармасы, Ұлттық даму және реформалар комиссиясы, Сауда министрлігіне тиесілі болды. Кейін Мемлекеттік кеңес нарықты қадағалау және басқару басқармасын құрды. 2018 жылғы институционалдық реформадан кейін мемлекеттің монополияға қарсы біртұтас құқық қорғау жұмысын Мемлекеттік нарықты қадағалау және басқару басқармасы қолға алады.

Көптеген сарапшылар мен мамандар Монополияға қарсы бюроның әкімшілік жағынан жаңаруы еліміздің монополияға қарсы құқық қорғау органдарының тәуелсіздігі, беделі мен кәсібилігі алдағы уақытта одан әрі нығая түсетінін көрсетеді дейді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото