АҚШ-тың әлемді алдаған «Кір жуу ұнтағы» оқиғасы

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 18 қараша
 АҚШ-тың әлемді алдаған «Кір жуу ұнтағы» оқиғасы

18 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 2003 жылы АҚШ Ирак «Жаппай қырып-жоятын қаруын» жасырып, лаңкестерге жасырын түрде қолдау көрсетті деген сылтаумен Ирактағы соғысын бастады.

5 ақпан, 2003 жыл, Нью-Йорк, АҚШ. АҚШ-тың сол кездегі Мемлекеттік хатшысы Пауэлл Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде сөз сөйлеп жатқанда, Ирактың жаппай қырып-жою қаруын жасырғанының дәлелі ретінде жарты түтік ақ ұнтақ бар құты ұстап тұрған болатын.

Ол өзінің мәлімдемесін «Сенімді дереккөздердің растайтынын» жариялады.

Бір жарым айдан кейін АҚШ Иракқа соғыс жариялады. Соғыс сегіз жылдан астам жүргізілді, бірақ АҚШ әскері Иракта екінші бөтелке «Ақ ұнтағын» таба алмады.

2007 жылы Путин берген сұхбатында Пауэлл шайқаған белгісіз зат салынған шағын бөтелке химиялық қарудың дәлелі деген еді, бәлкім ол кір жуғыш ұнтақ болуы мүмкін деп әзілдеген болатын.

Пауэлл бірнеше жылдан кейін БАҚ-қа берген сұхбатында оның Біріккен Ұлттар Ұйымының отырысында сөйлеген сөзінің дұрыс емес барлау ақпаратынан шыққанын және ол оның өміріндегі «Дақ» болғанын мойындады.

АҚШ «Кір жуғыш ұнтақты» сылтау етіп, біріккен одақтас Біріккен Ұлттар Ұйымын айналып өтіп, Иракқа біржақты басып кіріп, ол елді ұзақ уақыт күйзеліске ұшыратты. Соғыс кезінде 200-250 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты.

Бұл Америка Құрама Штаттарының халықаралық ортада қоқан-лоқы жасау және алдау үшін жасаған ашық айласы.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото