АҚШ «Ақ дулығаларды» қаржыландыру арқылы басқа елдердің ішкі істеріне араласуға тырысады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 18 қараша

18 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- "Ақ дулыға" - Сирияның азаматтық қорғаныс ұйымы. Оның мүшелері құтқару жұмыстары кезінде үнемі ақ дулыға киетіндіктен ол ұйымды "Ақ дулыға" деп те атайды. Ұйым бірнеше рет жалған бейнеоликтер арқылы Сирия үкіметінің беделін түсірмек болған. Көптеген американдық БАҚ Америка Құрама Штаттары ұйымның маңызды қолдаушысы екенін жариялады.

2016 жылдың қараша айында үкіметтік емес ұйым - «Ақ дулығалылар» қызметкерлерінің Сирияның Алеппо қаласында жаралыларды құтқарып жатқаны туралы бұрын жарияланған бейнекөріністің жалған екенін мойындап, кешірім сұраған еді. 2018 жылдың қыркүйегінде Ресей Қорғаныс министрлігі сириялық қарулы көтерілісшілер тағы да «химиялық қарумен шабуыл» жасағаны туралы хабардың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

2018 жылы Сирияның үкімет күштері көлемді аумақты қайтарып алған кезде, АҚШ «Ақ дулығалылардың» Сириядан кетуіне көмектесу үшін одақтастарымен келіссөздер жүргізді. 2019 жылы АҚШ-тың сол кездегі президенті Трамп ұйымға 4,5 миллион АҚШ доллары көлемінде көмек көрсетуге ашық түрде бұйрық берді.

Поза, жалған ақпар тарату дегендерді перде артында АҚШ басқарып тұрады. Дегенмен, Америка Құрама Штаттарының бұл айла-тәсілдері жиі байқалып қалады. Азаматтық қорғаныс деп аталатын үкіметтік емес ұйымдар шын мәнінде гуманитарлық тудың астындағы американдық қызметшілер тобы болып табылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото